Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 9046 0 пікір 12 Шілде, 2016 сағат 12:41

ҚОБДА БЕТІНДЕГІ ҚАНДАСТАР КӨМЕККЕ ЗӘРУ (фото)

ҚР Үкіметінің және

Дүниежүзі қазақтары

қауымдастығының назарына!

 

Апат айтып келмейді. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын мекендеген қандастарымыз тілсіз жау – апатқа тап болды. Жаңбырдың мөлшерден көп жаууы салдардарына сел жүріп, қандастарымыз су тасқынан зор зардап шегіпті. Бейресми деректерге қарағанда, адам шығыны бар көрінеді. Үй, қора-жайды су басқан. Дүние-мүліктерін су алған. Жергілікті билік аулаларды басып қалған су сорып, ел-жұртқа көмектесіп жатыр. Моңғолия билігі де ағайынның басына түскен ауыртпалыққа қол ұшын созады деп үміттенеміз! Алайда, Баян-Өлгейде қоныс тепкен ағайын ата мекендегі – Қазақстандағы қалың қазақтың көмегіне, қолдауына зәру! Қандасқа қол ұшын созып, көмектесуде шекара болмайды! Тілсіз жаудан зардап шеккен ағайынға көмектесу, бар қазақты бір қазақ деп білетін әр азаматтың ел алдындағы азаматтық борышы деп білеміз әрі елі бөлек, еншісі бөлек деп адамшылыққа шет іс жасамай, қолдан келгенше алыстағы бауырларға көмек қолын созады деп ойлаймыз!

Баян-Өлгий аймағындағы қазақтарға көмек беруде Қазақстан Үкіметі де қарап қалмауы тиіс! Жер бетіндегі қазақтардың жалғыз Отаны – Қазақстан! Ал, шетелдегі әр қазақ баласы қиын-қыстау кезде Қазақстан билігінің қамқорлығын сезінуі тиіс! Сондықтан, біздің Үкімет Моңғолиядағы қандастарымызға арнайы көмек ұйымдастыруы шарт! Бұл – елдіктің, әсіресе, Үкімет өзі көп айтатын бірліктің көрініс табатын тұсы! Ал, Үкіметтік және қоғамдық көмекті ұйымдастыруда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйытқы болса, құба-құп. Себебі, бұл ұйымның төрағасы ҚР Президенті Н.Назарбаев екенін ескерсек, Елбасының атынан қандастарға жылу жинап, соны ұйымдастырып, жеткізіп беру, қауымдастықтың міндеті.

Дүниенің қай қиырында жүрсе де қазақ баласын қандасым деп білетін әр азамат Баян Өлгейдегі елге көмектесуден шет қалмайды деп білеміз!

Азаматтар бас болып, жылу жинап жатыр. Көмек қолын созамын деген азамат төменде көрсетілген есеп-шотқа мүмкіндігінің шегінде қаражат аударуына болады.

Есеп-шот Аятжан Ахметжан есімді азаматтың атында:

Халық банк:
4402 5775 0180 1032
ИНН: 860718399050

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499