Жұма, 29 Наурыз 2024
Міне, көрдің бе? 5290 0 пікір 25 Маусым, 2016 сағат 14:17

РИОДАҒЫ ДОПИНГ КОМИТЕТІ ҚАТЕЛІСІПТІ

Рио-де-Жанейродағы антидопингтік зертханасы сараптама нәтижелерін қате көрсеткен. «WADA» бүкіләлемдік антидопингтік агенттігі аталған мәселеге қатысты зертхана жұмысын 6 айға тоқтатты.

Дисквалификация маусымның 22-сі күні заңды күшіне еніп, зертхана лайықты ескерту алған. Бұл шешіммен келіспесе, 21 күн ішінде үкімнің үстінен шағым түсіре алады.

Енді қан мен зәрдің барлығы Бразилиядан Швейцарияға жөнелтіледі. Дәл осындай жағдай 2014 жылы футболдан Бразилия чемпионатында болған-ды.

Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтпек. Допинг дауына ілінген ауыратлеттеріміз туралы біз бірнеше мәрте жазған едік. Риодағы антидопингтік комитеті Қазақстанның ауыратлетика құрамасын толық жарыстан шеттету туралы шешімге келген-ді. WADA шешімінен кейін Қазақстан құрамасы жарысқа қайта қосылып, белгіленген 10 атлеттің орнына 8 зілтеміршіні апаратын болады.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610