Жұма, 29 Наурыз 2024
Болған оқиға 8162 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 15:48

СЕНАТОР ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ЕНДІ КОМИТЕТ БАСШЫСЫ БОЛДЫ

Бүгін ҚР Сенаты депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып бір ауыздан сайланды.

Бүгін пленарлық отырыс кезінде Сенат депутаттары аталған комитеттің төрағалығына Дариға Назарбаеваның кандидатурасын бір ауыздан қолдаған.

«Дариға Нұрсұлтанқызының дәл осы салада тәжірбиесі мол. Сондықтан бұл туралы талқы жасаудың өзі артық болар деп есептеймін. Дариға Нұрсұлтанқызы комитеттің жұмысына жаңа серпін беретініне сенімім зор»,-деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін аталған комитетті Икрам Адырбеков басқарып келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558