Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Білгенге маржан 3770 0 пікір 22 Тамыз, 2016 сағат 11:01

ЕГЕР 30 КҮННІҢ ІШІНДЕ СҰЙЫҚТЫҚТАН ТЕК СУ ІШСЕҢІЗ НЕ БОЛАДЫ?

Су – тіршілік нәрі екені бәрімізге белгілі. Денеміздің басым бөлігі судан тұрады. Ағзамыздың әрбір жасушасы, терісі немесе мүшесі терезеңіздің алдындағы гүл сияқты суды қажет етеді. Осы жерде біз гүлмен салыстырамыз – егер гүлге су тым көп емес, тым аз емес, жеткілікті болса, ол гүлдейді, жапырақтары көгеріп, жайқалады.

Біз де өзімізді гүлмен салыстырып, сусындаймыз, бірақ көбіне суды басқа сұйықтықтармен алмастырып жатамыз: мысалы, газды сумен, кофе, шәй, сүтпен, кейбіреуі өзін жақсы көргені соншалықты, сүйікті сырасынан да бас тартпайды, және т.б.

Егер бар-жоғы 30 күннің ішінде  ас үлесінен судан басқа барлық сусындарды алып тастасақ, не болады? Біз күн барысындағы тағамдарымыздан бас тартпаймыз, қимыл-қозғалысымызды көбейтіп немесе азайтпаймыз, тек ағзамызға құйылатын сұйықтықтың барлығын суға алмастырамыз

Ең бірінші ойымызға келетіні – қаражатымызды үнемдейміз. Иә, бұл шүбәсіз факт. Алайда, ағзамызға одан да қызықты, одан да бағалы қандай пайда әкелеміз? 

Abai.kz

0 пікір