Жексенбі, 25 Маусым 2017
19 Тамыз, 2016 сағат 10:55 Ғылым-білім 1720 0 пікір

Ерлан САҒАДИЕВ: ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙЛЕРІ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылына және орта мектептер, оқулықтар мәселесіне қатысты жиында Қазақ-Түрік лицейлері жағдайына да тоқталып, ҚТЛ-дер жұмысын жалғастыра беретінін айтты.


Ерлан Сағадиев, білім және ғылым министрі:

«Орта білім тақырыбындағы әңгімені аяқтай келе, ҚТЛ лицейлері туралы да айтып өтейін.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, БҒМ жұмыс тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Біз Түркиямен бірлесе жұмыс істейміз. Бірақ, мұның оқу процесіне қатысы жоқ. Бұл біздің талаптармен жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық мектептер. Біз ол мектептерді біреше рет тексердік. Оларда ешқандай кінәрат жоқ. Лицейлер осы уақытқа дейін қалай жұмыс істеп келсе, дәл солай жұмысын жалғастыра береді».

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 18445