Жұма, 29 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4323 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 15:46

БӘСІ АРТЫП, БЕДЕЛІ ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН МАМАНДЫҚ

Бұрын қорасындағы жалғыз сиырын сатса да баласын оқытуды армандайтын қазақ ұрпағын сот, заңгер болса, тіпті болмағанда қарапайым кеңсе маманы болып пәпке ұстап жүрсе дейтін. Кәсіптік-техникалық мамандықты «қара жұмысқа» балайтын. Бүгінде  экономист пен заңгер мамандығын алған көп жас жұмыс таппай жүргені, ал, кәсіптік-техникалық мамандықтың бәсі күн өткен сайын жоғарылап, беделі артып келе жатқаны шындық.

Мемлекет басшысының өзі үнемі жастарды кәсіптік-техникалық білім алып, қарапайым жұмысшы мамандығын игеруге шақырып, бұл саланың мемлекет үшін маңыздылығын жиі айтады. «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да міндетті түрде кәделеріңе жарайды. Біздің айналамыздағы нәрсенің бәрі жұмысшылардың қолымен жасалған. Осыны ешқашан естен шығармаңдар. Мысалы, тамақ жейтін қолдарыңдағы қасық пен шанышқыны жұмысшылар жасаған. Ол үшін металды балқытты. Сендер тұратын үйді, көлікпен жүретін жолды салған жұмысшылар. Дастархандағы жейтін нанды пісіруге ауылдағы жұмысшылар дайындайды. Сендерді тамақтандыратын асханадағы аспаз да жұмысшы мамандығына жатады. Айналамыздағының бәрі жұмысшылардың алтын қолымен жасалған. Сондықтан мен еңбек адамына арнайы орден тағайындадым. Өйткені біз еңбек адамының даңқын арттыруымыз керек», – деген болатын Елбасы.

Қазақстанға геолог мамандары, тау-кен инженері, автоматтандыру және басқару саласының мамандары, қауіпсіздік техникасы инженерлері, электрслесарлар, мұнайшы-операторлар жетіспейді. Ал мұндай орта буын маман дайындауда кәсіптік-техникалық бағдар беретін колледждерге артылар міндет үлкен. Дегенмен, кәсіптік-білім беруді көздейтін стандарттарға соңғы кезде ғана мұқият зер салып, көңіл бөле бастағанымызбен нәтижесіз емеспіз. Атыраудағы Әлемдік деңгейдегі алғашқы кәсіптік білім ордасы «АРЕС Petrotechnic жоғары техникалық мектебінде бүгінгі таңда кәсіптік-техникалық білім беру бағытында жүйелі жұмыстар жасалып жатыр. «APEC Petrotechnic» Жоғары техникалық мектебі Президент тапсырмаларының нақты жүзеге асқанына дәлел. Қазір мұнда оқу тегін және студенттердің білім нәрімен сусындауына барлық жағдай жасалған. Алыстан келгендер үшін жайлы жатақхана, асхана, спорт кешендері, электронды кітап қоры, соңғы үлгідегі ғылыми зертхана, дәл өндірістегідей мұнай-газ өндіру техникалары орнатылған шеберханалар секілді барлық  жабдықпен қамтылған. Атап айтқан жөн, биыл «APEC Petrotechnic» жоғары техникалық мектебінің алғашқы қарлығаштары – 270 түлек мемлекеттік және халықаралық үлігдегі диплом мен сертификатқа ие болады. Ең бастысы, әлемдік деңгейде білім алған жастарға жұмыс берушілер тарапынан да сұраныс жеткілікті көрінеді.

«APEC Petrotechnic» жоғары техникалық мектебінің оқыту бағдарламасы жұмыс беруші компаниялар және Канададағы стратегиялық әріптес «Сайт политехник» институтының мамандарымен бірлесіп әзірленген. Колледжде мемлекеттік оқыту стандарты деген бар, ол барша оқу орнына ортақ. Ал білім беру технологиясы, әдістемесі, мазмұны бұл мектепте біршама өзгеше. Оқу бағдарламалары модульдік негізде құрылған. Мысалы мұнай-газ саласы компанияларында жаңа технология енгізілгенде, жалпы барлық өзгерістер мен жаңашылдықарға сай оқыту бағдарламалары да іске қосылады. Компаниялардағы өндіріс технологиялары үнемі жетілдіріліп отырады ғой, соған сай бұл колледж де оқыту бағдарламасын жетілдіреді. Жұмыс беруші компаниялармен арада индустриялдық кеңес құрылған. Осы кеңес оқыту бағдарламасының мазмұнын үнемі келісіп, талқылайдф. Бұл кеңес өндіріске енгізілген жаңа жүйе, технологиялық өзгеріске байланысты ұсыныстарын, пікірлерін айтады. Соған сәйкес жоғары техникалық мектептің оқыту модулдері жаңа өзгеріске сәйкестендіріледі. Өндіріспен тығыз байланыста білім алған студенттер сол себептен еңбек нарығында сұранысқа ие болып, бірден өз орнын тауып кетеді. Келешегі кемел оқу орнымен болашағыңызды байланыстыруға асығыңыздар!

Ж.ШАМҰРАТ

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3583