Сейсенбі, 25 Сәуір 2017
3 Тамыз, 2016 сағат 12:06 Өз сөзім... 1057 0 пікір

МҮФТИДІ ПАТРИАРХ КИРИЛЛМЕН САЛЫСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

Соңғы айларда ел ішінде орын алған шетін оқиғаларға қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ-ты қызу талқы жүріп жатқаны белгілі. Дәстүрлі емес діни-радикалды ұйымдар сойқан салып, айдың күні аманында Ақтөбе мен Алматы қалаларында атыс жасады.  Ақтөбедегі қарулы қақтығыс кезінде 7 адам қаза тапты. Ал Алматыда айналасы 25 минуттың ішінде жалғызілік содыр сегіз адамның өмірін қиды.

Құзырлы органдар қылмыскерлерді құрықтағанымен, радикалдардың таралу ошақтарын, терактілердің алдын алу жұмыстарына келгенде қауқарсыздық танытып жатқаны да жасырын емес.

Осыған қатысты діни секталардың еркін уағыз насихат жүргізіп жатқанын сынап, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасын айыптағандар да болды.

Жақында белгілі дін уағыздаушысы, ҚМДБ өкілі Ерсін Әміре «Фейсбук» желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, аталмыш проблемаларды шешуде жалғыз ҚМДБ-ның қауқарсыз екенін айтыпты.

«Кім көрінгенді елге кіргізе беріңдер. Олар ойларына келген уағыз-насихатын емін-еркін жүргізе берсін. Интернетте сайттары сайрай берсін. Ол жетпегендей сектанттарды оңалту жұмыстарына араластырайық. Жылына 40-50 студент жат ағымның тағылымын үйреніп келіп елде тарату үшін Мəдина қаласындағы Ислам университетіне емін-еркін түсе берсін. Елде жүрген уағызшылары кафелерде, пəтерлерде сабақтарын жүргізе берсін. Осы айтылғандардың алдын алуда, тыйым салуда ҚМДБ-да қандай əлеует бар? Сонда да аталмыш проблемаларды шешу жолдарының тетіктері қолдарында болғандар кінəлі болмайды да, орнына ҚМДБ кінəлі бола ма?»,-дейді Ерсін Әміре.

Алматыдағы шетін оқиғадан кейін әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та Қазақстанның Бас мүфтиін  Ресейдің жоғарғы патриархы Кириллмен салыстырған болатын.

«Бас мүфтиді Кириллмен салыстарыпты. Кирилл Ресей президенті қатысатын жиындарда бірінші қатардың қақ ортасында жарқырап отырады. Гайнуддиндермен 20-30- қатарларда отырмайды. Біздің елде Қазақстан халқының 70-75 пайызы ұстанатын ата дініміздің өкілі, Бас мүфти елімізде ерушілерінің саны екі мыңға жетпейтін дін өкілдерімен бір қатарда артта отырады. ҚМДБ-ға орыс православ шіркеуіне берілген айрықша құқықтардың оннан бірі де берілмеген. Құқық беру былай тұрсын мешіт электр қуатына төлемақыны төрт-бес күнге кешіктіріп алса келіп келіп қиып кетеді. Содан кейін келіп Кириллмен салыстырады. Бірден Рим папасымен салыстыра салмадыңдар ма?! ҚМДБ имамдары ұсынатын елдегі діни проблемаларды шешу жолдарын анаған қайшы келеді, мынаған қайшы келеді деп қабылдамасаңыздар екен. Оларға не керек екенін түсіне алмай қойдым. Əлде мəселе ел басына күн туғанда «крайный» адамды іздеу ғана ма?»,-деп жазады ҚМДБ өкілі Ерсін Әміре.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2312
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3141