Жұма, 29 Наурыз 2024
Тарих 12962 0 пікір 9 Қараша, 2016 сағат 10:31

ҚАРАСАҚАЛ ДЕГЕН КІМ? ОЛ НЕЛІКТЕН ӘУЛИЕ АТАНҒАН? (жалғасы)

Тарих парақтарын ақтарсақ, Бақтыбай батыр заманында шын мәнінде де Қарасақал деген атпен белгілі болған адамның өмір сүргенін байқаймыз. Және де ол тегін адам емес, текті адам екенін көреміз. Қарасақал оның лақап аты, ал шын есімі Байболат.  Шыңғысхан әулетінен шыққан, Сібірдің ханы Көшімнің  ұрпағы. Башқұрттарға, қарақалпақтарға және наймандарға хан болған. Қажылыққа барған, арабша оқыған, қазақ, орыс, ойрат тілдерін еркін меңгерген. Қазақтың хандары мен сұлтандары онымен өте тығыз қарым- қатынаста болған.

    Қарасақал туралы тарихшы, шығыстанушы, философия докторы, профессор Ахмет Заки Валиди былай дейдi:

   “Сын Давлет-Гирея "Ишим-Чувек султан" в Ургенче был каракалпакским ханом, его сын Хасан султан оставался у калмыцких ханов, а его сын Байбулат султан ездил в Крым и Стамбул и одновременно был султаном башкир, восставших против России. Чтобы не попасть в руки русских, ездил тайно под различными именами. Одно из этих имен - Карасакал. Его брат Ишим султан и сыновья Ишим султана Шайбак и Убейд (Убейдуллах) султаны был султанами каракалпаков. Байбулат султан был известен своей ученостью и красотой. Убейд султан был султаном племени карат (или карай). В то время, когда Байбулат (Бейбулат) воевал против русских в Башкурдистане, Шайбак хан был ханом у каракалпаков. Во всех отношениях был помощником Байбулата. Его мать Айше хатун была молочной матерью и воспитательницей Байбулата". (Ахметзаки Валиди Тоган. История башкир, Уфа, 2010, с.37-39,61,62.)

    Оның ататегі туралы Ресейдің  феодалды-крепостнойлық  дәуірінің мемлекеттік мұрағатында (ГАФКЭ)  мынадай құжат сақталыпты:

    1742 г. ноября 13.—Объявление башкира Сибирской даруги, Каратавлинской волости Ягафера Елдашева в Уфимской Провинциальной Канцелярии с сообщениям биографических данных о Карасакале, его роли в восстании и об отношениях башкир с казахами и каракалпаками, с приложением родовой росписи о происхождении Карасакала, составленной на основании сведений, полученных от него самого и каракалпацкого хана Шайбака. (ГАФКЭ. Коллегия Иностранных Дел. Дело 1742 г. октября..., №3, 15-19, 20 – 21бб. Көшірмеден көшірме)

Бұл құжаттағы сөз болып отырған көтеріліс- башқұрттардың Орынбор экспедициясына қарсы 1735-1740 жылдардағы әйгілі көтерілісі. Башқұрттар Орынбор бекінісі салынса тәуелсіздіктен, жерімізден ажыраймыз деген қорқынышпен 1735 жылы құрылтай жасап, көтеріліс бастайды. Мұны естіген патша үкіметі 20 мыңнан аса әскерилерден, орыс-казактардан, қалмақтардан жазалаушы отрядтар жасақтап, оларды генерал-лейтенант А.И.Румянцевке басқартып башқұрт жеріне жібереді. (Башқұрттарды қатыгездікпен қыруға әйгілі орыс елшісі Құтлы-Мұхамед Тевкелевтің  де атсалысқаны тарихтан белгілі.) Соған қарамастан көтеріліс оты әр жерден бір тұтана берді. 1739 жылы күзде Кубаннан Астрахань арқылы диуана киімін киіп, астыртын келген Қарасақалды башқұрттар 1740 жылы хан сайлайды. Көтеріліс жаңа серпін алады. Алайда генерал-лейтенант Г.Я.Соймонов Қарасақалды ұстауға 7 мың әскер жібереді. Ұрыста жеңіліс тапқан Қарасақал 1500 түтін башқұрттармен бірге Жайықтан бері өтеді.  1740 жылы 26 маусым күні  Өлкеаяқ өзенінің жағасында Қарасақал әскерінің қалдықтарын қазақтар шабуылдайды. Жарақат алған Қарасақалды  Бөгенбай батыр қанжығалы арғындарда тұтқында ұстай тұрады да, шілденің 10-күні  генерал Урусовқа тапсырманың орындалғанын, Қарасақалдың қолға түскенін хабарлайды. Генерал Урусов Бөгенбайға Қарасақалды Орынборға шұғыл түрде жеткізуді  пәрмен етеді. Алайда, Қарасақал орыстарға тапсырылмайды. Ол әуелі арғынның қанжығалы тайпасында, сосын үйсіндердің арасында бой тасалап жүреді.   Жазаланудың орнына ол керісінше қазақтар арасында  үлкен беделге ие болып, қазақтың кейбір тайпаларына хан сайланады.

     Неліктен Қарасақалды Бөгенбай батыр орыстарға ұстап бермеді? Бұл сұрақтың жауабы- оның шын мәнінде Қарасақал емес, хан тұқымы болуында. Егер Қарасақал (Байболат) хан тұқымы емес, диуана болған болса, Бөгенбай батыр оны ойланбастан орыстарға ұстап берер  еді. «...Казахские ханы - люди «белой кости» - никогда не признали бы Карасакала равным себе, не будь он чингизидом»- дейді башқұрт ғалымы, тарихшы Салават Таймасов «К вопросу о происхождении Карасакала» деген еңбегінде (С. Таймасов К вопросу о происхождении Карасакала. Вестник Академии наук РБ. 2004, № 4, 67-70 бб.)

      Қазақ жерінде Қарасақал «мен жоңғар билеушісі Қалдан Сереннен жапа шеккен оның тоқалдан туған інісі Шонамын»  деген лақап таратты. Башқұрт ғалымының айтуына қарағанда оны Абылай хан пір тұтты, Әбілқайыр хан оған силастықпен қарады. Ал Батыр сұлтан болса онымен дос болды.

   «В казахских степях с нашим героем произошла новая метаморфоза: он объявил себя принцем Шуной, вернувшимся, чтобы наказать тирана и убийцу Галдана. В сентябре 1740 г. он и хан Барак совершили поход в Джунгарию, но потерпели поражение. Теперь за Карасакалом охотилось не только русское правительство, но и джунгарский контайша. Галдан захватил в плен влиятельного султана Аблая и требовал за него Карасакала. Аблай не только не согласился на обмен, но и передал казахам, чтобы они берегли «Шуну» и от джунгар, и от русских и были готовы «при случае за него всем помереть». Даже заносчивый и амбициозный Абулхаир-хан проникся уважением к беглецу, а Батыр-султан, сын бывшего хивинского хана Каипа, стал другом Карасакала. Еще большей популярностью Карасакал пользовался у рядовых казахов. Валиханов свидетельствует, что в преданиях казахов, киргизов, джунгар и калмыков имя Карасакала утратилось и существует лишь Шуна.
Российские власти долгое время не оставляли попыток схватить Карасакала. В течение нескольких лет Соймонов, Урусов и Неплюев направляли своих представителей к казахским правителям, засылали в степь шпионов.
.. Казахский историк XIX в. Ч. Валиханов пишет, что бежавший Карасакал нашел убежище у Кабанбая - из рода Кара-Кирей, с его помощью получил в управление небольшой удел из поколения найманов и принял новое имя - Кара-хан.... Вскоре Карасакал стал ханом Старшего жуза, а в 1748 г. правил всеми 11 родами племени найман и кочевал с ними в верховьях Ишима, на бывшей территории Кучума.»

   Башқұрт ғалымы Қарасақалды әрі келбетті, әрі тақуа, әрі оқымысты, әрі батыр адам ретінде сипаттайды, қажылықа барған, емшілікпен айналысқан дейді.

 « ... По словам Игнатьева, Карасакал «славно владел конем и оружием, удивлял даже первейших удальцов и наездников. Знание арабского языка давало ему перевес над всеми муллами; никто из них не мог лучше Карасакала толковать Коран; к тому же он бывал в Мекке и Медине, звался хаджи и носил белую чалму...обладал даром говорить умно, увлекательно и всегда доказательно, жизнь вел безукоризненную, религиозным был до фанатизма»... Карасакал быстро стал кумиром простого народа. Его видели храбрым в битве, вместе с тем он был хладнокровен и сдержан, никогда не терялся, не унывал в несчастье и неудаче. Он выделялся импозантной внешностью, ученостью, знал наизусть Коран, обладал даром целителя». (С. Таймасов. К вопросу о происхождении Карасакала. Вестник Академии наук РБ. 2004 ж, №4,  67-70 бб.)

   Ал оның әулиелік қасиетіне келер болсақ, ол туралы бұрынғы қазақстандык ғалым, тарих ғылымдарының докторы Владимир Моисеев 1984 жылы «Простор» журналына былай деп жазған екен:

   «Несмотря на множество противоречий и вымышленных событий, многие степняки верили Карасакалу. К тому же этот самозваный Шоно выдавал себя за человека, которому ведомы тайны природы, который может общаться с потусторонними силами и даже воздействовать на них, Карасакал, рассказывали побывавшие в его владениях русские люди, уверял казахов, будто он «может снег и дождь напустить, а когда оное случится, то сказывает, якоб он напустил, также больных от разных болезней вылечивает, чем, тако ж де и другими своими вымыслами и обманами их, киргис-кайсаков, в такое суеверство привел, что они ево по своему легкомыслию понуждены стали быть признавать и содержать за святого». Доверие кочевников к всесилию Карасакала простиралось до того, что они лечились у него от самых разных болезней, в том числе и от бесплодия.» (В. Моисеев. Степной самозванец. Алматы, «Простор» журналы, №6, 1984 ж.)

      Қарасақал әулиені патша үкіметі қолға түсіре алмай-ақ қойды. Башқұрт ғалымы Салават Таймасов Қарасақал әулие (Байболат хан) 1749 жылы мамыр айында Барақтың қолынан қаза болды дейді.    

   «Оренбургские власти в течение девяти лет неотступно следили за Карасакалом и не оставляли попыток схватить его. В конце жизни Галдан-Церен помирился с казахами, отпустил сыновей Абулмамбета и Барака. После его смерти в сентябре 1745 г. отношения Карасакала с Бараком, видимо, улучшились. По крайней мере, в августе 1748 г.­ Карасакал находился у Барака. В мае 1749 г., предположительно в 58 лет, Карасакал умер. По слухам, виновником его смерти был все тот же Барак.»

   Владимир Моисеев сол «Простордағы» мақаласында  Әбілқайыр ханды өлтірген Барақ сұлтанның Қарасақал әулиені у беріп өлтіруінің себебін оның Әбілқайыр тұқымының кектенуінен қорқып жоңғарларға паналау үшін жағыну пиғылымен түсіндіреді:

    «Русский казак Федор Найденов, возвратившись из поездки к ханше Попай, супруге покойного Абулхаира, кстати также убитого Бараком в 1748 г., рассказывал, что Барак, опасаясь мести родственников Абулхаира, «ищет протекции зенгорского владельца. В знак де чего будто и услугу свою ему уже оказал тем, что противного ему, зенгорскому владельцу, Карасакала в угодность его отравил».

   Қарасақалдың жерленген жері Кеңес Әскерінің генштабының топографиялық  картасында қөрсетілген:


   Бұл картадан оның бейітінің Эмба (Жем) өзенінің бойында жатқанын көреміз. Бақтыбай ұрпақтарының батырға мазар салып жүргені де осы жер. Демек Бақтыбай ұрпақтары,  Шектінің ұраны болған Бақтыбай батырдың басына емес, қарақалпақ, башқұрт һәм кейбір қазақ тайпаларының ханы Байболаттың басына ескерткіш орнатқан.

    Көзі тірісінде Бақтыбай батыр мен Байболат-Қарасақалдың өмір жолдары қиылысты ма? Қиылыспауы мүмкін емес. Екеуі де бір дәуірде өмір сүрді, жастары шамалас. Екеуі де әйгілі адамдар, бірі- Шекті сияқты үлкен рудың ұраны болған батыр, әрі би. Екіншісі хан тұкымы, бүкіл қазаққа танымал боп кеткен тұлға. Бірі Өлкеаяқ өзенінің жағасын жайласа, екіншісі сол өзеннің жағасына орыстан қашып келді. Бірі Батыр сұлтанның батыры болған болса, екіншісі- досы.

   Құдайдың құдіреті шығар, Байболат хан билік үшін арпалыс пен қарама–қайшылыққа толы ғұмыр кешіп, көзі тірісінде Сұлтангерей, Шона батыр, Қарасақал, Қарахан деген лақап аттарды пайдаланса, өлгесін де  Жем бойында Бақтыбай батырдың атын жамылып жатыр...

(жалғасы бар)

Серік Дәулетов

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590