Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 6023 0 пікір 31 Қазан, 2016 сағат 17:23

Алғашқы 5 мемлекет Астанадағы ЭКСПО аумағындағы павильондарға ие болды

 

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов дүйсенбі күні халықаралық көрмеге қатысушы 5 мемлекетке, атап айтқанда Қытай, Франция, Германия, Венгрия және Түркияға алғашқы павильондарды тапсырды. Бұл туралы Vласть сайты хабарлайды.

«Біз үшін, біздің ұлттық компания үшін ерекше күн болып отыр. Себебі, халықаралық павильондар, 1374 орынға арналған ЭКСПО-қалашық, ЭКСПО-кеңсе, ішкі істер бөлімінің ғимараты және Энергияны зерттеу орталығы секілді көрменің бес негізгі нысанының құрылысы аяқталды. Аталған ғимараттардың жалпы аумағы 482 мың шаршы метрді құрайды», - деп мәлімдеді Есімов павильондарды тапсырудың салтанатты шарасы барысында.

Бүгінгі күн «мазмұндық толықтырудың  белсенді кезеңінің басталуын» білдіретіндігімен маңызды деп атап өтті Есімов.

«Көрменің ашылуына 222 күн қалғанда біз павильондар мен тұрғын үйлерді тапсыруды бастадық. Бұл уақыт павильондарымызды сапалы түрде толтыру үшін жеткілікті болады деп ойлаймын. Екіжақты байланысты қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық бюро ашылды, сонымен қатар аккредитациялық орталық жұмысын бастайды», - деп хабарлады ұлттық компания басшысы.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, біз сіздерге заң кеңестерінен бастап өзгедей ұйымдастыру мәселелеріне дейін қамтитын көрмеге  қатысушыларға арналған жан-жақты көмек көрсетуге әзірміз», - деп сөзін жалғастырды ол.

Есімов ЭКСПО жобасының күрделі дағдарыс уақытында жүзеге асырылып жатқанын еске салып кетті. Алайда «мемлекет басшысының толыққанды қолдауымен» ол «дағдарысқа қарсы ең шынайы бағдарламалардың біріне» айналды. Көрме құрылысы мен дайындығына Қазақстанның барлық дерлік аймағындағы 300-ден астам отандық кәсіпорын жұмылдырылған.

«Осылайша жоба 50 мыңдай жұмыс орнын құрып, сақтап қалуға мүмкіндік берді. Тек осы құрылыс алаңының өзінде ғана 14 мың адам жұмыспен қамтылған», - деді ол.

Компания басшысының сөзіне қарағанда, бұдан бөлек нысандар құрылысы кезінде жергілікті компаниялар 492 млрд теңгені құрайтын сомаға жұмыс атқарып, қызмет көрсеткен.

«Сфера» ұлттық павильоны, конгресс-холл және қонақ үй секілді көрменің өзге нысандары бойынша да жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп отыр. Келесі жылы қоғамдық орындарды әзірлеуді, аумақты абаттандыруды ұйымдастыру жоспарлануда», - деді компания төрағасы.

Компания өкілдерінің айтуынша, Венгрия павильонының аумағы 411,9 шаршы метрді құрайды. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді» деген павильон тақырыбы елдегі энергияның қолжетімді көздерінің географиялық және экономикалық ерекшеліктеріне негізделген. Павильон су, күн және жел елі болып табылатын Венгрияның сипатын аша түсіп, электр және қалалық жоспарлау саласындағы ең соңғы құрылғыларды көрсетеді. Сонымен қатар 2017 жылдың 20 тамызы көрме аясындағы Венгрияның ұлттық күні болып анықталды.

Германия павильонының аумағы 1249,5 шаршы метрді құрайды және «Энергияға бастар жолда» деп аталады. Франция 1069,1 шаршы метрден тұратын павильонға ие болып, оны «Жасыл дамуға арналған энергетикалық бұрылыс» деп атады. Жасыл энергетика саласындағы өз жұмыстарын Франция болашақ қаласы, жаңғыртылатын энергия және экологиялық көлік түрлері атты үш тақырып аясында ұсынады. Қытай 1000 шаршы метрді құрайтын павильонды алды. «Жасыл Жібек жолы» атты бұл нысанның ерекшелігі ҚХР-дің Жібек жолының бойындағы және бүкіл әлемдегі мемлекеттермен энергетикалық серіктестігінің жаңа ойын ашып көрсететін болашақ энергиясының арман театры болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532