Бейсенбі, 30 Наурыз 2017
28 Қазан, 2016 сағат 15:23 Қауіп еткеннен айтамын 1921 0 пікір

АБАЙ БОЛАЙЫҚ! АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ БАР АДАМДАР ЖҮР...

Ақмола облысында 300-ден астам адам екі елдің азаматтығын иеленіп жүр. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері Ақмола облысында екі елдің азаматтығын алып алған 300-ден астам факті тіркеліпті. Ал, құзырлы органдар болса, қос азаматтығы бар 6 адамды әкімшілік жазаға тартқан. Соның ішінде 3 адам Қазақстан аумағынан шығарылған.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығарылған тұрғындардың басым көпшілігі Ресей Федерациясы азаматтығын алыпты.

Қазақстанның «Азаматтық туралы» Заңының 2 тарауы, 21-бабы бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтығымен қатар, өзге елдің азаматы ретінде тіркелген жағдайда, 30 тәуліктің ішінде ішкі істер органдарына немесе ҚР елшілігіне хабарласып, ҚР Азаматтығын растайтын құжатты тапсыруы тиіс.

ҚР Конституциясының негізінде Қазақстан азаматтығымен қатар, өзге елдің азаматтығын қатар иеленген жағдайда әкімшілік айыппұл салынуы немесе Сот шешіміне сәйкес Қазақстан аумағынан шығарылуы керек.

Еліміздің солтүсітігінде қос азаматтығы бар тұрғындар туралы бұрыннан айтылып келеді. Ол сөздің растығын енді міне, ресми органның өзі мәлім етіп отыр. Қос азаматтық... жай ғана азаматтық емес, бұл заманда ол қорқынышты азаматтық. Абай болайық. 

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір