Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
21 Қазан, 2016 сағат 11:19 Өз сөзім... 1474 0 пікір

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА ҚАЛДЫРМАУ САЯСАТЫ

«...Ең әуелі сөз Сөз болды» дейді... Кімнің сөзі? Қандай сөз?!

Құдай Адамды балшықтан жасап, демімен жан беріп, «Тіріл» деді. «Тіріл!..». (Тура бүгінгі бізге айтқандай...).

 Алла айтқан соң амал бар ма, тірілді... Бәрі содан басталды!..

Айтпақшы, Алла бұл сөзді қай тілде айтты? Ешкім білмейді, мен де!..

Өткенде бір досым «Дінде тіл туралы талас бұрын да болған, қазір де бар. Құран, намаз, дұға араб тілінде оқылады. Сонда ғана қабыл болады...» депті.

Дұрыс. Дауым жоқ. Дегенмен, бұл – шартты нәрсе. Шын көңілден айтылса қай тіл болса да жат емес. Қабыл болады. Әйтпесе Құдайдың құдайлығы қайсы?!

Иман тілде емес – жүректе. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді. Оған да!.. Бар гәп – жүрек пен көңілдің тазалығында. Сосын, әрине, ниет пен пиғылда.

Жарайды, жаңа не деп едік?.. Иә, Сөз...

Сөз сыйлаған, сөздің қадыр-қасиеті мен киесін ұққан бір халық болса – қазақ еді. Қазір қандаймыз?! Соншалық азып-тозардай бізге не болды?..

Адами (қазақи десе де болады) құндылықтар асты-үстіне түсіп, дүние теріс айналды. Арсыздық – алғырлыққа, сатқындық –парасаттылыққа, жемқорлық – іскерлікке, адалдық – қорлыққа, арамдық  – зорлыққа теңелген кесірлі кезеңге қалай тап болдық? Кім жеткізді, қалай жеттік?!

Бәрі – «егеменді» еліміздің 25 жылдық «тәуелсіз билігінің» бүкіл әлем бас иген сындарлы саясатының нәтижесі.

Біз бүгін кешегі желтоқсандықтарға жылап көрісетін жағдайға жеттік. Олар ірі еді, бүгінгілер бақа-шаянға айналды. Неге?!

Өйткені олар Сөзден тамыр үзбеген, жыраулар поэзиясы мен қадыр-қасиеті қаша қоймаған қазақ қаламгерлерінің шығармаларынан қуат алып, шыңдалған басқа ұрпақ еді.

Адам бойындағы барлық асыл қасиет ата қаны мен ана сүтінен дарып, тәрбие арқылы қалыптасады. Ата-ана тәрбиесі, қоғамдық тәрбие, өскен орта, айқын бағыт, асыл мұрат, әдебиет пен өнер, ұлттық һәм адами құндылықтар т.б.

Тәрбие құралы – сөз. Ана тілі. Ал біз не істедік?!

Егемендікке қолымыз жетер-жетпестен ұлттық құндылықтарды қиратуға бағытталған жаппай шабуыл басталды. Әуелде әдіс-айламен басталған күрес, бүгінде айналасын аждаһадай жалмап, отқа ораған алапат майданға айналды. Онсыз да қырық құрау бір шөкім ел жік-жік боп ыдырай бастады. Жүзге, руға бөлу жайына қалып, дала қазағы, қала қазағы, орыс тілді қазақ, қазақ тілді қазақ, бай мен кедей, аш пен тоқ болып ажырап, «уахабит», «салафит», «бірдеңе ит, сірдеңе ит» деген «иттер» көбейді.

Ал Сөз – қасиетті, киелі Сөз – адыра қалды!..

Елді есінен тандырған экономикалық реформалар мен судай тұнып, сүттей ұйып отырған алтын бесік ауылдың қалай тозып, қалай таланғанын айтпай-ақ қояйын. Ол онсыз да жауыр болды.

Мүйізі қарағайдай Ғылым Академиясы қоғамдық ұйымға айналып, Ғылым-білім саласы бітпейтін «жаңалықтар» мен өзгерістерге душар болды.

Асыл сөздің Алтын Ордасы – Қазақстан Жазушылар Одағы жылдар бойы жинаған абырой-атағынан жұрдай боп, міскін күйге түсіп, бір адамның жекеменшігіне айналды. Онсыз да қырық пышақ қазақ қаламгерлері жік-жік, топ-топ болып өзара тартысып, сүйекке таласқан иттей ырылдасты. Және осының қолдан ұйымдастырылды. Әдейі, жоспарлы түрде!..

Енді осыған кім кінәлі?! Билік... сосын, әрине, өзіміз!.. Олар иек қақса, алдына түсіп аттандай шаптық. Атыстық-шабыстық, тартыстық-таластық, өтірікті судай сапырып, бір-бірімізді көрместей болдық. Былғанбаған бет, боқталмаған ауыз қалмады. Не үшін, кім үшін?!

Бір ғана мысал – екі Мұхтардың айтысы.

Жерден хабар таппағыр Әмірхан інім айтып еді: «Осы дауды мен бастадым» деп. Мақтанышпен... Қалай, қайтіп басталғанын да жасырған жоқ. Жатқан жері жарық болсын!..

Айтпақшы, мемлекеттік сыйлық туралы сұхбатында ақын Светқали Нұржан да дәл осындай ой айтыпты. Ол: «...Тәуелсіздік келгеннен кейін біздің рухани әлемде «идол-пұттарды қирату» деген құпия қара толқын жүрді. Оның астарында ұлт айбынып, ұрпақ қайырылып қарайтын бір де бір тұлға қалдырмау үшін сырттан дайындалған сұмпайы жоспар жатыр еді. Сол екпінмен біраз жігіттер ақсақалдарды сақалынан алды, ағаларымен бет жыртысты, басқа шапты, төске өрледі, ақыры дұшпан мұратына жетті. Бүгінгі таңда өліде де, тіріде де күллі ұлтымыз қадірлейтін бір де бір тұлға қалмады!» - дейді.

Келісемін. Ақын айтқан «мұратына жеткен дұшпан» мен «сырттан жоспар дайындағандардың» кім екенін өзіңіз де біліп отырған шығарсыз?!    

Қош, сүйтіп ақыры арманына жетті. Екі Мұхтардың бірі Ұрымға, бірі Қырымға кетті. (Дұрысы, бірі билік қырына ілініп, қарсыластар тобына қосылса, екіншісі ештеңеге алаңдамай Алла артқан аманатын орындау үшін елден жырақтады. Амалсыз...).

Ұтқан кім, ұтылған кім? Билік бұны кімнің қолымен істеді?!

Өзіміз... Біздің қолымызбен!..

Жоғарыда Әмірхан марқұмның «Мен бастадым» дегенін айттық. Жел беріп, жол сілтеген – сол кездегі «Қазақ әдебиеті» газетінің басшылары.

Бұлар өзі – бір топ болатын. 

Тұрмағанбет Кенжебаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2331
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3161