Бейсенбі, 23 Қараша 2017
Мәдениет-әдебиет 707 0 пікір 16 Қазан, 2016 сағат 19:26

Төлебилік диқандар тегіс өнім жинады

Төлеби ауданында бидай орағы аяқталды. Биылғы өнім мол болып, шаруалардың көңілі жай тапты. Былтыр  2015 жылы  19071 гектар жерге дәнді-дақыл егіп, гектарына 24,1 центнерден өнім алған диқандар, биылғы   түсімділікті гектарына орта есеппен 27 центнерге жеткізді. 

Егіс алқабы 20613 гектар, оның ішінде 13369-ы бидай, 7244-і арпа. Бидай, арпалар толығымен орылып,  қамбаға құйылды.  Барлығы 55591,8  тонна өнім жиналды.  Бидай  37471,3 тонна. Арпа  18120,5 тонна шықты. Биылғы түсімнің  молдығын шарулар жауын-шашынның  көп түсуімен және субсидияланған тыңайтқыштың жеткілікті болуымен түсіндіреді.

75 комбайн, 153 жүк автөкөліктері жұмылдырылып, дәнді-дақылдар ысырапсыз жинап алынды. Арзандатылған жанар-жағар маймен толықтай қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, Ай маңдай кетпені күнге жар­қыраған диқанның, ерте көк­темнен ала жаздай бір тыным тап­пай «көктемнің бір күні жыл­ға азық» дегенді өз басы­нан өт­­керген шаруаның еңбегінің раха­тын көретін кезі қоңыр күз. Төлебидің  ауылшаруашылық қызметкерлері биылғы жылды жақсы қорытындылады.

Қай уақытта болмасын, аудан еңбеккерлері күз айында егін жиып-теріп, малдың азығын жинап болған сәтте бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша, Төлебидің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Алтын күз» мерекесін салтанатты түрде атап өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10407
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18631