Жұма, 29 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4193 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 09:12

КЕДЕНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТПАҚ

Астанада «Continental Logistics» көліктік-логистикалық орталығы базасында Кедендік рәсімдеу орталығы ашылды. Онда ішкі экономика қатысушылары Дүниежүзілік сауда ұйымы стандарттары бойынша кешенді қызмет көрсетеді. 

Қазақстанда ішкі экономика қатысушылары үшін кедендік басқаруды жеңілдету бойынша түрлі шаралар қолға алына бастады. Осы мақсатпен мемлекет біраз уақыт бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымы бекіткен Марракеш келісіміне қосылу хаттамасы аясында сауда процедураларын жеңілдету келісімін мақұлдаған болатын. Аталған халықаралық міндеттер отандық экспорттаушылар мен импорттаушыларды кедендік қызмет көрсетудің жаңа стандарттарына өтуді міндеттейді.

Сонымен қатар, Премьер-министрдің үкімімен 2016 жылдың 30 сәуірінде кедендік бақылауды жеңілдету бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.  Құжат мемлекеттік органдардың  ақпараттық жүйесін ықпалдастыруды, «Бір терезе» тетігін енгізуді, Кедендік рәсімдеу орталықтарында бақылау органдарын міндетті түрде  орналастыруды қарастырады.  Мүдделі мемлекеттік органдар өтінішімен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бизнестен жиі келіп түсетін шағымдарды ескере келе, кедендік бақылауды жеңілдету мақсатында ұсыныстар пакетін әзірлеген еді.

 Үкімет жоспары аясында, бірыңғай талаптар бойынша мемлекеттік бақылаудың барлық түрін жүзеге асыратын кедендік рәсімдеу аймақтарын салу қарастырылған.  Осылайша, пилоттық жоба ретінде Астанада «Continental Logistics» көліктік-логистикалық орталығы базасында Кедендік рәсімдеу орталығы ашылды.  Онда ішкі экономика қатысушылары Дүниежүзілік сауда ұйымы стандарттары бойынша кешенді қызмет көрсетеді. 

«Атамекен» ҰКП ҚР Кеден делдалдары қауымдастығымен бірге Астанадағы Кедендік рәсімдеу орталығы қызметін тұтынушылар арасында сауалнама жүргізген болатын. Мақсат – олардың қызмет сапасын бақылау.  Сауалнама 2016 жылдың 12 тамызы мен 8 қыркүйегі арасында өткізілді. Оған декларанттар (14,0%), аталған орталық қызметі аумағында кедендік тазарту жүргізетін кеден өкілдері (86,0%) қатысты. Барлығы 136  жауап алынды. Олардың 83,8%-ы, яғни 114 респондент толық көлемде жауап берді», – деп атап өтті Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

Осылайша, респонденттердің 71,1%-ы кедендік рәсімдеудегі өзгерістер кедендік қызметпен қарым-қатынасты қиындатқанын жеткізген.

Ал, респонденттердің 93,4%-ы мемлекеттік бақылауды жүргізу бекітілген регламентке сай келмейтінін айтқан. Бұдан бөлек,  «Атамекен» өтінішімен, респонденттер мемлекеттік бақылаушы органдар қызметкерлерінің жұмысын 10 балдық шкала бойынша бағалаған.  Нәтижесінде, кедендік бақылау қызметінің қызметкерлерін кәсіпкерлер мен кеден өкілдері 3 балға бағалаған. Ал, карантин, санитарлық қызмет өкілдерінің жұмысы 2 балға бағаланған.

«Атамекен» ҚР ҰКП кедендік қызмет сапасына жүйелі негізде бақылау жүргізбек. Жұмыстың жаңа сипаты, оның ішінде осы секілді сауалнамалар Қазақстанның кедендік қызметін жетілдіруге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес елдегі бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал ететініне сенімдіміз», – деді Дана Жүнісова.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565