Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
12 Қазан, 2016 сағат 13:53 Дей салдым-ау 1491 0 пікір

УКРАИНАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ӘЙТІМОВАНЫ ӘЖУАЛАДЫ

Жақында  «Квартал 95» студиясының «Чисто News» бағдарламасында қазақстандық саясаткерді «сайқымазақ» еткен бейне жазба жарияланды.

Украиналық әртіс Владимир Зеленский мен тележүргізуші Валерий Жидков бұрын Қазақстанның білім министрі болған, ендігі сенат депутаты Бірғаным Әйтімованың Халықаралық жиында сөйлеген сөзін әжуалады.

Халықаралық конференцияда мінберге арнайы шақыртылған сенатор Бірғаным ханымның ала шұбар тілін украиналық әзілкештер түсіне алмапты.

(16.27 минуттан басталып, 17.33 минутта аяқталады)

Шындығында  әртістер қазақстандық саясаткердің сөзін еш бұрмаламағанымен, бұл белгілі дәрежеде ел имиджіне нұқсан келтіргені рас. Олай дейтініміз, 45 миллион аудиторияға хабар тарататын арнаның жүргізушілері Бірғаным ханымның сөздерін бүтін қазақ халқына әм Қазақстан жұрытының атынан қабылдаған екен.

Әжуаға айналарлықтай экс-министр, қазіргі сенатор Бірғаным Әйтімованың не бүлдірді?

«Потому что мы всё ещё не такая страна, как наиболее это, даже идём в тридцатку, мы ещё не такие как все. Поэтому нам «нажно» (нужно) идти по необхадимости», - дейді ҚР Парламенті сенатының «әлеуметтік-мәдени даму және ғылым» комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова. Сенатор бұл сөздерді III Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы жөніндегі конференцияда айтқан.

Сенатордың ресми тілін тәпсірлеп көрсек, Бірғаным ханым «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарды оқуға жіберуді әлі де болса жалғастыруымыз керек» дегенді айтқысы келген секілді. Дегенмен салыстырмалы түрде сөйлеген Бірғаным ханымның «Біз әлі ондай ел емеспіз ғой» дегенін қалай түсінуге болады? Сонда біз қандай мемлекетпіз? Немесе қандай мемлекет болуымыз керек?

Әрі қарай сенатор «Біз әлі басқалар сияқты емеспіз» дейді. Саясаткер ханымның осы сөзінің астарына үңілсек бір шындықтың бары анық.

Одан әрі  Қазақстан халқын, оның ішінде мемлекетті құрушы қазақ ұлтының потенциалды-интеллектуалды амбициясын ашып көрсету үшін «все гражданы казахстана должны к преодолеть, достичь этой цели, если в стране все умеют  читать и писать. Но мы же не такая нация. Мы читать и писат уже с рождение можем», дейді.

Украиналық арнаның кесіп алып көрсеткені осы болғанымен, сенатор ханымның «Болашақ» бағдарламасы туралы сөйлеген сөздері түзу шықты. Әйткенмен Әйтімова ханым әрісе мақтаған «Болашақ» бағдарламасының түлектері қазір қайда жүр?  Мемлекет қаржысына шетел асып кеткендердің қарасын көбейтудің тәсілі емес пе бұл? Бұл өз алдына бөлек әңгіме...

Болашақтық демекші, Бірғаным ханым былай депті: «Біз барлығымыз мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарға жете алмаймыз. Мысалы, мен бүгін-ертең өз орнымды ешкімге бере қоймаймын. Сондықтан мен секілділер елде өте көп».

Рас-ау, геронтократиялық жүйе кадрлары бүгін-ертең жастарға орын босатып беруі екіталай екені белгілі. Сондықтан Бірғаным ханымның айтқаны ащы болса да шындық.

Сөзін түйіндеген сенатор «Кенет бізге екі үміткер келді делік. Оның бірі – «болашақтық», екіншісі қарапайым маман. Әрине біз «болашақтық» маманды таңдаймыз» (и вдруг две кандидатуры. Он с практикой и вдруг – болашаковец. Конечно же, мы говорим болашаковец. Это норма жизни. Это вообще наше желание образованных приподнимать, - дейді. Сонда бұл «ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайдының» кері емес пе?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2331
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3161