Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5831 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 17:27

Отырарда қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Отырар ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 1 қазан – Қарттар мен мүгедектер күніне орай экскурсия жұмыстары басталды.

Мерейлі мереке қарсаңында өткізіліп отырған шарада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіліп, Шымкент қаласына шығарып салды. Мерекелік көңіл күй сыйлаған шараға қатысқан  аудан әкімі Ерлан Айтаханов ардагерлерді құттықтап, бүгінгі  мерекенің бұрынғыдан өзгеше мереке екендігін, себебі, биыл біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп отырмыз деді. Сондай-ақ, аудан басшысы өз сөзінде «Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет екенін айтты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтың әл – ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталып отыр. Осының бірі – бүгінгі өткізілген іс-шара»,- деп атап өтті.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен жүргізілетін экскурсияда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар Шымкент қаласындағы көрікті жерлер мен Сайрам ауданындағы  «Ибрагим ата», «Абдул Азиз» баб, «Қарашаш ана», «Мірәлі баб» кесенелері мен  т.б. тарихи орындарды аралайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565