Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
26 Қыркүйек, 2016 сағат 11:24 Өз сөзім... 4556 1 пікір

КЕШІРІҢДЕР БІЗДІ, БАУЫРЛАР!

Өткен аптада үш отбасының ойранын шығарған оқиға болды. Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш кентіндегі мал базарына 18 қыркүйек күні мал әкелген 1979 жылғы Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді азаматтардың жоғалғаны белгілі болып, артынша ол жігіттердің сүйегі табылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін, елі мен жерін аңсап жеткен үш азаматтың қазасы әр қазақтың қабырғасын қайыстырып кеткені рас.

Қазақ қазір мыңға бөлінді. Рушылдығымыз асқынып тұр. Діншілдігіміз басымызды бір дастарханда түйістірмейтін болды. Орыстілділер мен қазақтілділер болып, тағы қырқысып жатамыз. Енді келіп, жергілікті қазақтар мен оралмандар атанып алып, қақ жарылудың алдында тұрмыз. Ақпарат құралдарынан естуімізше көрші елде «Қазақстанда Қытайдан келгендерді қырып жатыр екен?» деген қауесет тарап жатқан көрінеді.

Қазақтың басын қоспау, «елім мен жерім» деп отырған ағайынның ыстық көңілін суыту үшін әлі талай қитұрқы әрекеттер жасалуы мүмкін. Десек те, қазақтың саналы ұрпағы мұндай арандатушылдардың сөзіне ермейді деп ойлаймыз.

Үш жігіттің өліміне себеп, олардың оралман болуы емес. Бұл - іскер жігіттердің тапқанына көз алартқан жендеттердің ісі. Қылмыскерлердің көкейін тескен – ақша. Сол себепті ақша үшін жасалған қылмыс әлеуметтік наразылыққа ұласпауы тиіс. Шеттен келген түрлі диаспораны құшағына сыйғызған қазақ өз қандасын да өзектен теппейді. Осыны қандастар түсінсе дейміз.

Бірақ, әр елде, әр жерде бір тентектің болатыны рас. Қылмыскердің ұлты мен тегі болмайды. Сондықтан да, еліміздегі тентектерімізді бастықтыра алмағанымыз үшін, шеттен келген әр ағайыннан жергілікті қазақтар кешірім сұрауға тиіспіз. 

Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мырза бастап, өзге де құзіретті органдар тікелей араласып, кінәлілер әділ жазасын алуы қажет.

Біздің әзірге айтарымыз осы.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

1 пікір
guailyksql 2017-04-09 23:31:05
cqo1Bn <a href="http://mzlgpvjtnbds.com/">mzlgpvjtnbds</a>, [url=http://cnjhiazgaseb.com/]cnjhiazgaseb[/url], [link=http://igfdjvgnoerg.com/]igfdjvgnoerg[/link], http://azbnnsybtdvy.com/

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2331
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3161