Жұма, 29 Наурыз 2024
Не дейді?! 5282 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 20:01

Әлемдік қауымдастық Ресейдің Түркиядағы елшісіне жасалған қастандықты сынады

БҰҰ, ЕҚЫҰ, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа да елдер Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандықты сынады. Елші Анкарада қарулы шабуыл салдарынан қайтыс болды.

Анкарадағы қазіргі заман галереясына "Түріктердің көзқарасындағы Ресей" фотокөрмесін көруге келген елшіні бір ер кісі атып өлтірген.

Haber Turk ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елшіні Анкара полициясының бұрынғы қызметкері өлтірген, ол Түркиядағы шілдедегі бүліктен соң жұмыстан шығарылған. Шабуыл кезінде ол Сирия және Алеппо үшін кек алатынын айқалап айтқан. Оны полиция атып өлтірді.

Түріктің NTV телеарнасының хабарлауынша, шабуыл кезінде тағы үш адам жараланған.

62 жастағы Андрей Карлов 2013 жылдан бері Ресейдің Анкарадағы елшісі қызметін атқарып келді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616