Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қауіп еткеннен айтамын 4845 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 16:23

РЕСЕЙ БАЗАЛАРЫН АТАМБАЕВ АЙДАП ШЫҚПАҚ. БІЗ ШЕ?

Жақында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев "Қырғызстан территориясындағы Ресейдің әскери базалары  ел аумағынан шығып кетуі керек" депті.

Қырғыз басшысының бұлай деуі ресейліктерді елең-алаң күйге түсірген секілді. Ресейлік БАҚ жапа-тармағай жазып жатыр, мұны.

Ресей Федерациясы Қырғызстан үшін стратегиялық әріптес ел екендігін айтқан Атамбаев әскери қауіпсіздік тұрғысынан біреудің қорғауына мұқтаж болып отырмағандығын айтқан.

«Біз «Ганси» (Бішкек әуежайы маңында орналасқан АҚШ Халықаралық әскери базасы) әскери базасын елден шығарғанда өте дұрыс шешім қабылдадық деп есептеймін. Бұл біреуге ұнасын, ұнамасын, солай болуы керек-тін. Одан бері міне, бес жыл өтті. Сол кездегі шешіміміз дұрыс болғанын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Бұдан бұлай Қырғызстан өзгелердің әскери көмегіне мұқтаж болмауы керек. Сол тәртіп бойынша ел аумағындағы Ресейдің барлық базаларын шығаруымыз керек» , - деді Алмазбек Атамбаев.

Атамбаевтың айтты. Бұл әсіресе біздің солтүстігімізде орналасқан, өздерін әскери держава санайтын Ресей мен оның Президенті үшін ауыр тиетіні рас.

«Әрине, бұл көбісіне ұнамауы мүмкін. Бірақ, мен өзімнің позициямды Ресей Президентіне жеткіздім және Ол мені түсінді», - дейді және Атамбаев.

Сөйтіп, Алмазбек Атамбаев Владимир Владимировичпен сөйлесіп, әскери базаларын алып кетуді сұраған. Владимир Владимирович бұған келіспеске болмаған.

"Орыстан досың болса, айбалтаң қасыңда жүрсін" дегенді ерте ме кеш пе, түсінген болса керек.

Ресейдің өзге елдердегі әскерлері

Қосымша дерек ретінде айта кетейік, Қазақстан аумағында 7 бірдей Ресейдің әскери, ғылыми-зерттеу және сынақ полигондары бар.

Кеңес одағы күйрегеннен соң, ТМД елдері территорияларында көптеген әскери базалар қалып қойған. Ескі одақта болған кейбір елдер ішінде әлгі базаларды Мемлекет пайдасына шешкендер де болды, тіпті жойып жібергендер де. Мысалы, Латвия «Дарьял-УМ» кешенін түбегейлі жарып жіберген. Ал Қазақстан мен Белорусия әлгі базалар үшін Ресейден ақша алып отырады.

Әскери достық бола ма?

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресейдің әскери қарым-қатынасы мына құжаттар негізінде түзілген.

-          ҰҚКҰ-ға (Ұжымдық қауіпсіздік келісі ұйымы) мүшелік.

-          Бірлескен әскери оқу-жаттығулар, әскери кадр дайындайтын оқу орындары.

-          Әскери қару-жарақ саудасы (Біз Ресейден қару сатып аламыз).

-          Штаб деңгейінде өзара келісім.

-          Ортақ Әуе шабуылынан қорғану жүйесі.

Құжаттар:

-          ҚР мен РФ арасындағы әскери одақтастық туралы келісім (Мәскеу, 1994 ж. 28 наурыз)

-        «Байқоңыр» айлағындағы жұмысты жүргізу туралы ҚР мен РФ арасындағы меморандум (Астана, 2004 ж. 9 қаңтар)

-     ҚР мен РФ арасындағы әскери-техникалық одақтастық туралы келісім (Мәскеу, 2013ж. 24 желтоқсан)

-          ҚР, РФ Қорғаныс министрлігінің Ортақ Әуе шабуылдан қорғану жүйесін құру туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімі (Астана, 2013ж. 30 желтоқсан)

КСРО кезінде Қазақстан аумағында 8 ірі сынақ полигоны болған. Қазір солардың жетеуі қалды. Бірнеше миллион гектар жерді алып жатқан бұл полигондардың ірілері – Сары-Шаған, Байқоңыр, Тайсойған.

"Сары-Шаған" Балқаш көлінде орналасқан, Ресей Қарулы күштерінің Зымыран-ғарыштық қорғаныс жүйесінің нысаны.

Дау-дамайдың ортасындағы "Байқоңыр" туралы айтар болсақ әңгіме көп. Қызылорда облысы аумағында орналасқан. Әлем халқы үшін Байқоңырдың стратегиялық маңызы жоғары.  Байқоңырдың зымыран тасығыштардың барлық түрін ұшыруға мүмкіндігі бар.

"Тайсойған" - Атырау облысы территориясында орналасқан. 1949 жылдан бері полигон статусына ие болған. Ал 1952 жылдан бері мұнда ядролық сынақтар жүргізілген. Деректерге қарасақ, 1966-1977 жылдар аралығында мұнда 24 ядролық сынақ жасалған. ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегіне назар аударсақ, тек 2000 жылдан бері ғана сынақ жүргізу тоқтатылған. Соның салдарынан өңірде онкологиялық аурулар күрт артқан.

Айта кетейік, Атырау мен Ақтөбе аумақтарында орналасқан «Ембі» полигоны 2016 жылы жабылып, оның территориясы Қазақстанға қайтарылған болатын.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522