Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
18 Қараша, 2016 сағат 10:54 Болған оқиға 1415 0 пікір

ЖАҚЫПОВ ТА ЖЕП ҚОЙЫПТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы ірі сомада пара алып ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Депутаттың  ұлы  Аслан Жақыпов «Бәйтерек Development-тің» басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. Ол 28 миллион теңгені талан-таражға салмақ болыпты.

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тұрғын үй құрылысына жауапты ұлттық «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджерін парамен ұстаған. Олар Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар-қаржыны өзара бөліске салмақ болыпты.

Дәлірек айтсақ, 40 жастағы топ-менеджер «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауысбастырық алып отырған деп айыпталуда. Тергеу материалдарына қарағанда, топ-менеджерлер бұл ақшаға  Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған.

Айта кетейік, Аслан Жақыпов  "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басқармасының басшысы орынбасары қызметіне 2016 жылдың наурыз айында келген болатын. 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2331
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3161