Жұма, 29 Наурыз 2024
Не көріп жүрсіз? 7058 7 пікір 17 Қараша, 2016 сағат 13:35

ПӘЛІ, ПАРА БЕРГЕН ШЕНЕУНІК - ЖӘБІРЛЕНУШІ ЕКЕН

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмат Ермағамбетов қыздарын оқуға түсіру үшін 20 000 доллар пара бергенін полицияға мойындады, деп жазады «Диапазон».

Үлкен қызын Назарбаев университетіне, кіші қызын Назарбаев интеллектуалды  мектебіне түсірмек болып, Ботагөз Биекенова деген 39 жастағы азаматшаға пара берген. Бикеноава болса, шенеуніктің 20 мың АҚШ долларын алып, алдап соққан. Шарасы таусылған шенеунік (Алмат Ермағамбетов) сотқа арыз жазып, қылмыстық іс қозғатыпты. Қазіргі уақытта азаматша Ботагөз Биекенова «алаяқтық» бабы бойынша тергеліп, қамауға алынған.

Сотқа түсініктеме берген Ермағамбетовтың айтуынша,  2016 жылдың ақпан айында азаматша Биекенованың қыздарды оқуға түсіруге уәде берген. Және НУ проректоры ағасы екенін әм НИМ-де таныстары барын айтып, алдап соққан. Шенеунік 20 мың АҚШ долларын беріп тұрып, ешқандай қолхат алмаған.

Ал полиция тұтқындаған Биекенова өз кінәсін мойындамапты.

Парадокс. Пара берді. Және оны шенеунік берді. Біздің жалқы сұрағымыз мынау: айыпты параны берген адам ба, әлде алған адам ба? Мүмкін екеуі болар. 20 мың доллар ірі сома. Хош, алаяқтық жасамақ болды деген Биекенованың ісін құптамақ емеспіз.  Десе де Биекенованы осы іске итермелеген кім? Ермағамбетов қыздарын оқуға түсіру үшін Заңға қайшы әрекетке барғаны үшін жауапқа тартыла ма?

Жемқорлық пара алу ғана емес. Негізінен парақорларды жасайтын пара берушілер. Егер тиісті құқық қорғау органдары парақорлықтың бастамашысын (ынтагерін)  – «пара берушіні» жазаламайтын болса, іс жүзінде оларды «басынан сипап», марапаттаған болып шығады. Беру бар жерде алу да бар.  Пара беру және парақорлыққа делдал болу.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы Қылмыстық Кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша,пара алушы да, ынтагер де жауапқа тартылуы тиіс-ақ!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534