Бейсенбі, 17 Тамыз 2017
Кәсіп-түбі нәсіп 1472 0 пікір 16 Қараша, 2016 сағат 11:18

ҚАЗАҚСТАН ФОТОГРАФ КӨЗІМЕН

«Қазақстанға сүйіспеншілікпен» фотобайқауының қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Байқауға 98 қатысушыдан 655 фотожұмыс келіп түскен.  Қатысушылар арасында кәсіби фотографтар да, әуесқой фотографтар да бар.  Әділ қазылар құрамына ұйымдастырушыдан 1 адам, бас демеуші 1 адам, фотобайқау демеушісі 1 адам, Atameken Business Channel 1 адам және олардың қатарына тағы екі кәсіби фотограф қосылып, жеңімпаздарды анықтады.

Одан бөлек, қазылар алқасы іріктеген 100 үздік фото «Көрермен көзайымы» аталымына қатыстырылды.  Осы аталымның жеңімпазына «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенінде демалуға, 2 адамға арналған 7 күндік жолдама берілді. Жеңімпаз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (#МенҚазақстандыжақсыкөремін бірыңғай хэштегі аясында) 2016 жылғы 11 қазан мен 11 қараша аралығында өткізілген ашық дауыс беру нәтижесінде анықталды.

Жеңімпаздардың бірі – «Almaty region field» жұмысын ұсынған Александр Власюк.

Александр Власюк Алматы қаласының тұрғыны.  Суретке түсіруге бала кезінен құштар, ал кәсіби түрде бұл іспен 2006 жылдан бастап айналысып келеді.  Фототүсірілімнің барлық жанрларын: табиғат көрінісі, портрет (соның ішінде балалардың портреті), сәулет, натюрморт, интерьер, репортажды түсірілім, студиялық портфолио қамтиды десе болады. Александр фотобайқауды ұйымдастырушылар ұсынған сыйлықты жеңіп алды, яғни Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы оған «Алматы Resort» медициналық орталығының шипажайына 2 адамға арналған 7 күндік демалыс жолдамасын берді.

Фотобайқаудың келесі жеңімпазы – Илья Афанасьев.

Илья Алматы қаласының кәсіби фотографы.  2015 жылы Nikon Ambassador Kazakhstan мәртебесіне ие болған. Қазақстанның кәсіби фотографтары қауымдастығының мүшесі, «Выстрелы в голову», «ПроLog» жобаларының авторы, «Алтын объектив – 2015», «Алтын объектив – 2014», «Көктемгі Қазақстан – 2013» фотобайқауларының жеңімпазы.

Ильяның жұмыстарында Орта Азия мен Қазақстанның таңғажайып табиғаты бейнеленген. Ильяның импрессионизм қағидасына негізделген  «Бозжыра шатқалы» атты жұмысында да сұлу табиғат көрініс берген. Ильяға фотобайқаудың бас демеушісі – SCAT әуекомпаниясы Алматы-Сиань-Алматы бағыты бойынша екі адамға арналған ұшу жолдамасын тарту етті.

 

Фотобайқаудың үшінші жеңімпазы – Гүлнар Аңсағанова.

Қостанай қаласының тумасы байқауда «Балалық шақ» жұмысы арқылы жеңімпаз атанды. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика факультетінің 4 курс студенті.   Гүлнар – әуесқой фотограф. Алты жыл бұрын әкесі алғашқы фотоаппаратын сыйлағаннан бері суретке түсірумен әуестеніп келеді. Фотография саласының барлық жанрлары оған жат болмағанымен, бәрінен де адамдарды суретке түсіргенді құп көреді екен.

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Атамекен» ҰКП-ның ресми аккаунтының парақшасында "  (#МенҚазақстандыжақсыкөремін бірыңғай хэштегі аясында) 2016 жылғы 11 қазаннан 11 қарашаға дейінгі аралықта жүргізілген ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Piligrims» жұмысымен Елена Чуйкова жеңімпаз атанды (217 дауыс жинаған).

Елена Қазақстанның тумасы болғанымен (Өскемен қаласы), Рига қаласында (Латвия) тұрады.  Ол кәсіби фотограф, Балалар және отбасылық фотографтар қауымдастығының мүшесі.  Еленаның баспасөз-қызметінде фотограф ретінде жұмыс істеген тәжірибесі бар. Бүгінде ол отбасылық фотографияның жаңа бағыты – заманауи «лайфстайл» стилінде жұмыс істейді. Өмірлік мәні бар жайттарды зерттегенді, суретке түсіргенді ұнатады.

«Көрермен көзайымы» аталымында жеңіске жеткен Еленаға фотобайқаудың демеушісі – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне 2 адамға арналған 7 күндік демалыс жолдамасын тарту етті.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2908
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7550