Сәрсенбі, 22 Қараша 2017
Осы ғой енді... 1879 0 пікір 16 Қараша, 2016 сағат 10:36

КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КЛИПІ...

Редакциямыздың поштасына Қаржы министрлігі  мемлекеттік кірістер комитетіне қарайтын Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің (департамент басшысы Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы) жұмыс жүйесі, олардың қызметкерлері туралы рэп стиліндегі орыс тіліндегі клип – бейнебаян келіп түсті. Бейнебаянда комитетте әртүрлі лауазымда жұмыс істейтіндей көрінетін бірнеше ер азамат пен бір әйел адам кіріс комитетінің жұмыс жүйесіне лайқталып жазылған рэпті айтып шығады.

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />

Кіріс комитетінің ресми тілге үйір екені, мемлекеттік мекеме бола тұра мемлекеттік тілге қырын қарайтыны әу бастан мәлім. Оған таңқалуды қойдық. Деседе кілең қазақтың азаматтары жиналып, жат тілде қалың қазаққа түсініксіз бір тілде шүлдірлеп, рэп айтқанына қарап қарның ашады. Орыс тілінде ойын жеткізіп, әнсымақ айтқандарына еш қысылмай, қымтырылмай тұрған адамдарға аяшуылық көрсеткеннен басқа айтар жоқ!

Мемлекеттік тілді менсінбегені былай тұрыпты, мына бейнебаян арқылы мемлекеттік кіріс комитеті мәдени талғамының қандай екенін де паш етіпті. Таңдағандары – рэп. Түсінікті шығар...

Халықтан салық жинап отырған адамдардың бейнебаянын көріңіз! Қазақтың салығын орыс тілінде басқарып, сол тілде ән салып, би билеп жүрген салықшыларға Сіздің де айтарыңыз бар шығар, бәлкім...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10337
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18547