Жұма, 29 Наурыз 2024
Дей салдым-ау 3807 0 пікір 15 Қараша, 2016 сағат 15:43

ШЕНДІЛЕР ШЕКПЕН КИЕДІ. ҚАНДАЙ ШЕКПЕН?

Алдағы таяу күндердің бірінде мемлекеттік органдарда қызмет ететін шенділер бірыңғай киім киіп жүрсе, таң қалмаңыз. «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісіне аты-жөнін атамауды өтініп сұхбат берген мекеме қызметкері осындай бір шетін әңгіменің шетін шығарып отыр. Әлгі адамның айтуына қарағанда, лауызымды қызмет иелері киетін киімнің ортақ нұсқасы заң аясында бектіліп, қабылданатын көрінеді. Агенттік тілшісімен сыр бөліскен шенеунік Тәуелсіздік күніне дейін бірыңғай үлгідегі киімдерді киіп үлгеретін шығармыз депті.

Жөн-ақ. «Жөн-ақ» болғанда бұл талап қызмет орнына «барын киіп, бақанын қолына ұстап» баратын сәнқой мырзалар мен ханымдарға ұнай қояр ма екен? Қай бір жылы есімізде, Елбасының өзі «астаналықтар Астана жұрты екендігін танытып, дұрыс киініп жүруі керек» деген сөзді айтып еді, шенді-шекпенді әйел шенеуніктер Елордадағы қымбат салондарды қара шыбындай қаптап барып, басып қалған. Ал, содан жарыс басталсын... Тіпті, Бакыт Сыздыкова дейтін депутат тотайлардың есіргені соншалық – емшекқаптарының көлемі мен бағасын айтып мақтанған-ды. Сыздыковалардың сықпытын білетін саудагерлер бұндайда аянып қалсын ба, емешекқаптардың нарқын сол кезде еңіретіп отырып 70-80 мың теңгеге дейін көтеріп сатқан болатын. Емшекқаптың бағасы әлгіндей болған соң көйлек-көншектің құны құнан-байталдың бәсінен де асып кеткен. Сөйтіп, алқымы іскен астаналық тотайлар бір тойлап қалып еді. Саясаттағы әлем-жәлем (гламурный) еркетер де хаялдардан қалмай есіріп баққан. Енді міне, көрмейсіз бе, енеңді ұрайын «единый форма» деген бірдеңе шығып жатыр. Бұл «единый форма» дегеннің кеуде тұсы – ақ, төмен жағы – қара болатын көрінеді. Түсінікті етіп айтсақ, ақ костюм, қара шалбар...көк галстук. Лауазымы жоғары шенеунік киетін киімінің де «лауазымы» жоғары болуы мүмкін екен. «Жоғары болғанда» қандай? Әзірге белгісіз. Әйтсе де шенділердің бірыңғай «шекпен» киетіні анық.

Мына жаңалықты ести салып «Жадо» деген атпен танымал дизайнер-модльер Жадыра Сахиева  білекті түріп тастап іске кіріскелі отырған көрінеді. Құралай Нұрқаділова да бұл науқаннан, сірә, құр қала қоймас...

Дегенменде айта кетелік, шенеуніктердің бірыңғай киім үлгісі ХХ ғасырға дейін Батыс елдерінде, Ресейде де болған. Қазір білуімізше, бір түсті, бірыңғай формада Қытайдың, Солтүстік Кореяның шенеуніктері киінеді.

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616