Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
21 Наурыз, 2017 сағат 09:34 Талқы 1161 0 пікір

"ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫҚ ҰЛТ-2020" БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫРАМЫЗ?

Президенттің «Интеллектуальдық Ұлт-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Ұлттың алдындағы бірінші міндет, оның санын өсіру болып тұрған жағдайда мемлекеттің стратегиясы осы мәселелерді шешуге жұмылдырылып, демографиялық саясатта төмендегідей кезек күттірмес шараларды іске асыру керек:

- дүниеге келген әр балаға қазынадан  5,0-7,0 мың АҚШ долл. көлемінде бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы беру;

-  бала кәмелет жасқа толғанша орташа айлық табыстың деңгейінде ай сайынғы жәрдемақы беру;

- үш және одан да көп бала тәрбиелеген анаға балалары кәмелетке толғанға дейін орташа бір айлық, бес балаға 1,5 айлық, жеті балаға екі айлық табыстың көлемінде көмек төлеу;

- төрт және одан да көп бала тәрбиелеген аналарды мемлекеттік орден, медальдармен марапаттау және олардың дәрежесіне байланысты аналарға көрсететін дәрігерлік көмекте, пәтер алуда жеңілдіктер жасауды заңдастыру; - “Батыр Ананың” дәрежесін “Қазақстан Еңбек Ерімен” теңестіру;

- көп балалы отбасыларға әлеуметтік және салық жеңілдіктерін жасау;

- көп балалы отбасынан шыққан балаларға жоғарғы оқу орындарына түсу, жұмысқа орналасу, жас мамандарға пәтер алуда жеңілдіктер жасау;

- ұлттың гендік қорына зиян тигізіп отырған аборт жасауға заңмен тиым салу;

- әйелдер мен қыздарды ауыр және денсаулыққа зиянды жұмыстардан босатып, жеңіл жұмыспен қамтамасыз ету;

- қазақта «қыз он үште отау иесі» дейді және біз солтүстік емес, шығыс халқы болғандықтан қыздардың 16 жастан отбасын құруын заңдастыру;

- Қазақ қоғамында жетім-жесір болмаған. «Жеті жарғы» сияқты дала заңдарындағы әмеңгерлік т.б. заманға сай прогрессивті жайттарды заңдастыру;

- Үкімет тарапынан тастанды бала болмаудың алдын-алу шараларын қабылдап, ана мен сәбиді мемлекет қамқорлығына алу;

- Елде ондаған жылдар бойы 330-350 мың отыздан асқан қыз-келіншек тұрмыс құрмай қалуда. Қазақстан Ислам өркениетіне жататын ел болғандықтан, осы діндегі ер мен әйелдің отбасындағы арақатынасы, ананы құрметтеу, ұрпақ тәрбиесі т.б. өміршең ұстанымдарына қоғамда оң көзқарас қалыптастырып, тәрбие құралына айналдыру қажет.

Дамыған зайырлы елдердің барлығындағы ар (нравственность) мен мораль дінге негізделсе, бізде саяси этикет («Саяси этикеттің қауіптілігі, онда сатушы да сатып алушы да алданады» К. Маркс) не атеизмге шырмалған. Зайырлылық ол қоғамның формасы, ал мазмұны - ол әлемдік дінге яғни өркениетке негізделеді. Мысалы, қазіргі әлемдік нарықтағы қосымша пайда табудың өзі де протестанттық ұстанымға негізделген. Исламда қосымша пайда табу деген жоқ. Қазақ мемлекетінің негізі де Малайзия, Индонезия елдері сияқты Исламның ұстанымдарына негізделгенде ол өркениетке қадам басады;

- Ұлттық қордың белгілі бөлігі, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, демографиялық саясатты іске асыратын “Демографиялық қорға” бөлуді заңдастыру.

Мемлекет тарапынан осындай шараларды жүйелі түрде жасау халықтың тұрақты өсімін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында болғанымен, халқының саны жөнінен алғашқы жүз елдің соңында. Елдің геосаяси жағдайы мен ондағы тұрғындардың көп ұлттылығын ескерсек, оның қорғаныс қабілетін күшейтіп, тұрақты дамуы үшін, халық саны жақын уақытта кем дегенде 20-23 миллионға, 2050-ші жылдары 35-40, ғасырдың аяғында 65-70 млн-ға жету керек. Бұл міндетті орындау мемлекеттің басымды бағдарламасы болып табылады.

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2378
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3190