Бейсенбі, 27 Шілде 2017
Ханталапай 1359 0 пікір 20 Наурыз, 2017 сағат 15:50

РЕСЕЙ "ДХР" ЖӘНЕ "ЛХР" АЗАМАТТАРЫНА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘРТІП ЕНГІЗБЕЙДІ

Ресей өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск "халықтық республикаларына" еліне кіру үшін жеңілдетілген тәртіп енгізуден бас тартты. Бұл жөнінде РБК Ресей ішкі істер министрлігі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

"ДХР" және "ЛХР" төлқұжаты барлар Ресей аймағында 90 күнге дейін бола алады.

РБК дерекөзінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путиннің "халықтық республиканың" төлқұжатын мойындау туралы жарлық шығарғанымен, азаматтары миграциялық ережеге бағынады.

Алайда "ДХР" өкілі Александр Жучковскийдің сөздерінше, азаматтар Ресей шекарасын кесіп өткенде, миграциялық қағаз толтырмайды.

18 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин "Донецк және Луганск халықтық республикалардың" құжаттарын мойындау жөнінде жарлық шығарған. Украина бұл Минск келісімін бұзады деп, шешімді алып тастауды талап еткен. Кремль "ДХР" және "ЛХР" төлқұжаттарын мойындау, халықаралық құқықтарды бұзбайды деп жауап берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21928