Жұма, 28 Шілде 2017
1562 0 пікір 20 Наурыз, 2017 сағат 09:10

ЕЛБАСЫНЫҢ СЫНЫ ҚЫРҒЫЗ ДЕПУТАТТАРЫНА ҰНАМАЙ ҚАЛДЫ

Қырғызстан парламентінің депутаттары Рыскелді Момбеков пен Евгения Строкова Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқандарын сынады.

Биыл ақпан айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "Евроньюс" телеарнасына берген сұхбатында 2010 жылғы төңкеріс кезінде Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасын жауып тастауынан адам шығыны болғанын мәлімдеген.

Өткен бейсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұхбатында шекараның жабылуын "Қырғызстандағы тұрақсыз саяси жағдаймен" байланыстырып, "дәл осындай жағдай тағы қайталанар болса", тағы да осындай шешім қабылданатынын мәлімдеген. Назарбаев Атамбаевты сынға алды. "Қызметтегі басшы әр сөзін ойланып айтуы керек" деді ол.

Қырғыз депутаттары Рыскелді Момбеков пен Евгения Строкова Қазақстан президентінің айтқандары шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. "Назарбаев ұмытып қалған немесе оған дұрыс ақпарат бермеген. 7 сәуірде Бәкиев жүйесі қамауға алған оппозиция жетекшілері мен саяси тұтқындар ғана бостандыққа шықты. Ешқандай қылмыскер түрмеден босатылмады. Сондықтан блокаданы бұлай ақтау орынсыз" делінген қырғыз депутаттарының мәлімдемесінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 22057