Бейсенбі, 27 Сәуір 2017
18 Наурыз, 2017 сағат 13:11 Саясат 2541 2 пікір

ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ: РЕСЕЙ – «ИЗГОЙ» МЕМЛЕКЕТ

Ресей – «изгой» мемлекет және еліміздегі орыстар қазақтармен бір ұлт болғысы келмейді.

Орыстар қазақпен интеграцияға бармайды, қазақпен бірігіп бір ұлт болғысы келмейді! Бұл туралы белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали «qazaquni.kz» сайтына айтып берді.
Шындап айтса, – дейді саясаттанушы, – бұл бізге жаман емес, 43 мың орыс тектес адам бір жылда біреулері о дүниге, басқасы негізінен Ресейге аттанады. Қазақтың өсімі екі санақ 1999-2009 жылдардағы аралықта 26% асты. Енді орыс пен қазақтың үлес және сан арақатынасы: 20% бен 68% жетті.

Орыстың жастары Ресейге көшіп, қартайғандары о дүниеге кетіп жатқанда, орыс мектептері тез қысқара берді. Қазақтың ірі қалаға келуі қаланы тез қазақтандыра бастаған. Бірақ бұл жағдай Ресейге қолайсыз еді.

Бұл трендті тоқтату және кері жүргізу мақсатымен: латиницаны еңгізу ұсынылды. Соның нәтижесінде латиница қазақ тілін ақсатып, мемлекеттік іске қазақ тілін жарамсыз қылу керек болған-тын.
Кейін «қазақстандық ұлт» деген дүбәрә ұлт жасамақшы болды. Бұның мақсатын қазақты ұлттық идентификациядан ажырату еді. «Қазақстандық ұлт» идеясы – ол маргиналдық ұлттық идентификациясымен қазақты адастыру мақсатында жасалғаны анықталды.

Ақыры, басы қатқан айлакер саясаткерлер «Үш тұғырлы тіл» дегенді ойлап тапты. Осылайша биліктегі Ресейдің ықпалды агенттері – министрлер, комитет және департамент басшылары өздеріне жүктелген тиісті функцияларын Ресей мүдделеріне сәйкес істеп келеді.
Сонымен қатар, Әзімбай Ғали қазіргі уақытта орыстандыру процесі қайтадан күш алғанын да атап өтті. Қазақ орыстың теледидары және өзіміздің орыс тілді теледидар арқылы зобми-халқына айналып барады. Бұл істі Қазақстанның биік лауазымды адамдары қолдауға көшті. Министрлікке үш тұғырлы бағдар міндеттелді. Біз үш тұғырлы тілдің орнына екі тұғырлыны ұсынамыз – қазақ және ағылшын тілдері. Басқасы керек емес!

Менің Ресейге қаным қас емес, өзім орыс мектебін бітіргенмін. Бір кезде ағылшын бағытындағы мектепте оқып қазақшамнан айырылып қала жаздаған кезім де болған. Құдайға шүкір қазақшамды жөндедім.

Ресей – «изгой» мемлекет. Бүгінгі таңда Ресейге шет банктері не кредит бермейді, не жаңа технология бермейді. Ресей Украинамен соғыс жағдайында, Батыс қауымдастығы (АҚШ пен Европалық Одақ және олардың одақтастары, мәселен, Жапония т.с.с.) Ресеймен «Екінші қырғи қабақ соғыс» жағдайында. Естеріңізге салайын: Бірінші Қырғи қабақ соғысы 1946-1991 жылдары КСРО-ның күйреуімен аяқталған, – деп аяқтады сөзін Ә. Ғали.

Abai.kz

2 пікір
Алексей 2017-04-24 09:37:20
Давно известно что гали англосаксонский агент, лающий на Россию на каждом углу за зарплату.Поведение таких персонажей прогнозируемо, кто завтра предложит зарплату побольше того песню он и запоёт. Вот из за таких ничтожных и ущербных людишек и пострадает в итоге Казахстан.
jorge 2017-04-12 01:58:49
Қаржыландыру талаптарының Өз жеке элементін жасау үшін, мотоцикл сатып, автокөлік сатып ?, сіздің үй үшін қаржыландыруды қажет корпоративтік бизнес мәселелерін тазалау керек. Біз қарамастан сомасының, номиналды пайыздық мөлшерлемесі 3% жеке несие ұсынады. Мен барлық елеулі нақты қажеттіліктерін болып табылатын 2000 € 5,000,000 адамға дейін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жеке тұлға арасындағы қарыз Егер өтініште несие және өтеу күні дәл қажетті соманы көрсетіңіз. Біз сіздің иелігінде 24 сағат 24 болып табылады Жеке қарыздар (jorgeanibalchechuri@gmail.com) үшін бізге хабарласыңыз PS: Хабарлама, сайып келгенде, мұқтаж адамдарға көмектесуге жұмсады ...

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2390
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3198