Бейсенбі, 27 Сәуір 2017
17 Наурыз, 2017 сағат 19:54 Деп жатыр 1678 0 пікір

БӘРІНЕ КІНӘЛІ ТҰҢҒЫШБАЙ МА?

Алматы қаласындағы №2 Медеу аудандық сотында «Феникс» кинофильмін түсіруге бөлінген қаражатты жымқыру фактісі бойынша «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына және «T.K. Turan Universal Business» ЖШС-нің қызметкерлеріне қатысты сот отырысы одан әрі жалғасты. Сотта сөйлеген куәгерлер «Феникске» қатысты бірқатар былықтарды растады.

 Сотқа түсінік берген куәгер Раушан Махно өзін кинофильмге режиссердің ассистенті ретінде оның күйеуінің әпкесі Наталья Юдина жұмысқа шақырғанын әңгімеледі. «Мен 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың сәуіріне дейін ай сайын 140 мың теңге алып, Н. Юдинаға беріп отырдым. Ақша менің «ЦентрКредитбанктен» алған карточкама түсті»,- деді куәгер. Алайда ол кинофильм түсіруге ешқандай жұмысқа қатыспағанын ашық айтты.

Бүгін сотқа жауап берген тағы бір куәгер - Қазбек Әміржанов ескі танысы Жәнібековтің өтініші бойынша «Феникс» кинотуындысын түсіруге қатысады. Сценарий бекітілген соң ол «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-мен авторлық келісімшартқа қол қояды.

Кейінірек Әміржанов кинофильмнің алдын-ала дайындық шараларына, сондай-ақ ашық ғарыштағы сахна көрінісіне қатысады. Келісімшартқа сәйкес, ол өз жұмысына 2 млн-ға жуық теңге қаламақы алу керек болған. Алайда қоюшы-операторға іс жүзінде тек 800 мыңға жуық теңге төленіпті. Ақшаны «Қазақфильм» АҚ төлеген көрінеді.

Ол сот отырысында есеп-қисап құжаттарының заңсыз жолмен жасалғанын әшкереледі. Тергеу барысында оған өзінің және фирманың атынан жасалған есеп-қисап құжаттарын көрсеткенде кезде, ол жерде өз қолының жалған екенін жасырмады. Сөйтіп, 800 мың теңгеге көрсетілген қызмет түрлері жасалған келісімшарт, атқарылған жұмыстардың актісі жалған болып шықты. Ол «T.K. Turan Universal Business» ЖШС-інен ешқандай ақша алмағанын айтып, істің ақ-қарасын ажыратып берді.

«T.K. Turan Universal Business» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ержан Әбдрахманов та сотта «Феникске» қатысты бірнеше былықтың бетін ашты. Атап айтқанда, келісімшарттарға оның қолын сыртынан біреулер қойып отырған. «Менің қолымды кейбір құжаттарға өздері қойыпты. Ол жердегі қолымның өзімдікі еместігін айтып, сараптамаға бердім»,- деді ол соттағы жауабында.

«Мен 2012 жылдың күзінде ортақ танысымның көмегімен «T.K. Turan Universal Business» ЖШС-нің директоры болып орналастым. Алайда, аталған фирманың құрылтайшысы Тұңғышбай Жаманқұлов менің фирмада формальды түрде қызмет істейтінімді түсіндірді. 2012 жылдың соңында Т. Жаманқұловпен арада әңгімеде ол маған «Феникс» атты фантастикалық фильм түсіруге дайындық жүріп жатқанын жеткізді. Кейінірек, 2013 жылы жазда «T.K. Turan Universal Business» ЖШС-нің кеңсесінде Тұңғышбай Жаманқұлов және Талғат Жәнібеков үшеуміз фильмнің сценарийін талқыладық»,- деп әңгімеледі куәгер.

Ал 2014 жылдың сәуірінен бастап Т. Жаманқұлов пен Т. Жәнібеков оған фирманың қызметіне қатысты көптеген құжаттарға қол қоюын өтінеді. «Мен Тұңғышбай Қадырұлы айтқан соң сол құжаттарға қол қойдым»,-деді ол. Алайда, ол «Фениксті» түсіру жұмыстарына қатыспағандықтан басқа есеп-қисаптық және жұмыс құжаттарына қолын қоймаған. Е. Әбдірахмановтың қолын бөгде біреулер қойып отырған.

Әмірлан Әлімжан

Дереккөзі: inform.kz

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2391
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3198