Жексенбі, 19 Қараша 2017
Жаңалықтар 1455 2 пікір 17 Наурыз, 2017 сағат 19:39

Назарбаев саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұраққа жауап берді

Республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Қазір көптеген елдің парламенттік билікке қарағанда күшті президенттік билікке қайта оралып жатқаны жайлы айттыңыз. Себебі күшті президенттік биліктің зор басымдығы бар. Бұл жылдам, тиімді, қоғамдық пікірге қарамай, саяси күреске назар аудармай әрекет ету мүмкіндігі. Айтыңызшы, біз Қазақстанда бір партияның басым болғанын және саяси бәсекелестіктің жоқтығын қолдандыңыз ба? Біз жылдам әрі тиімді әрекет еттік пе?", - деп сұрады Гүлнар Бажкенова.

"100 пайызға қолдандық. Қазір мақтана алатын барлық жетістігіміз осының арқасында, әрине кемшіліктер де болды", - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Абай ақпарат

2 пікір
Жетістік 2017-03-28 09:08:59
Саяси бәсекелестіктің жоқтығын 100 пайыз қолдандық деген сөз "Демократияны ұрып қойдым" деген сөз бе сонда? Саяси бәсекелестіктің жоқтығын 100 пайыз қолданғандағы жетісітігіміз қайсы? Не тындырдық? Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, діни конфессиялардың құрылтайы, сол сияқты халықаралық жиындардың жиынтығы ма? Әлде ісі басталмай жатып кері кеткен Кедендік Одақ пен Еуразия экономикалық одағына мүше болғанымыз ба? Ал, бұлар соншалықты мақтана алатын жетістік емес қой?
Есенғали, Антакиядан 2017-03-27 22:43:37
Саяси бәсекелестік болуы үшін елде қапылып қалғанда екі күшті партия болуы керек. "Нұр Отанмен" нұрланған қызылкөздер партиясы мен "Ақ жол" деген клондардың арасында қандай бәсекелестік болуы мүмкін ? "Басеке, не бұйырасыз ?", "Ләббай, тақсыр !" болуы мүмкін ! Жібер саяси алаңға сауатты жігіттерді осырақ шалдардың орнына (Косарев, Гани Касымов ...), көрейік қалай бәсекелестік болмайтынын ? !

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10036
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18139