Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2018
Жаңалықтар 1247 0 пікір 17 Наурыз, 2017 сағат 19:36

Алматылық жұрт Наурызды Қанат Исламмен бірге қарсы алмақ

Алматылық бір қауым ел Наурыз мейрамын Қанат Исламмен бірге қарсы алмақ, - деп хабарлайды "Абай ақпарат".

20-наурыз күні Алматыда кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламға арналған кеш өтеді.

"Қанатпен бірге Наурыз" атты мерекелік кеште боксшыға Алматылық жанкүйер жүрт тұлпар мінгізіп, сый-құрмет көрсетпек екен.

Бұл кешке Қазақстан спортына өлшеусіз үлес қосқан өзгеде спортшылар мен танымал тұлғалар қатысады деп күтілуде. Боксшы алдағы жоспарлары мен жекпе-жегі туралы сұхбат береді. 

Абай ақпарат

0 пікір