Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
17 Наурыз, 2017 сағат 14:27 Білгенге маржан 866 2 пікір

«ХАБАР» АРНАСЫНАН МЕРЕКЕЛІК ШАШУ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Наурыз мейрамы қарсаңында «Хабар» телеарнасында «Шайхана мен Тойхана» мюзиклы көрсетілмек. Түсірілім жұмыстарының ең қызықты сәттерін біздің фоторепортаждан көріңіздер.  

Картина желісі бойынша оқиға Шымкент қаласында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі мейрамхана иелерінің арасында басталады. Ашылған күнен бастап бәсекелес болған Қалдыбай мен Хайрулла қонақтарға таласып, талай қызыққа тап болады. Олардың арасындағы бақталастық бүгінде бизнес емес, отбасылық қарсыластыққа айналған.

Егер Қалдыбайдың қызметкерлері тойхананың алдын күніне екі рет тазаласа, Хайрулланың қызметкерлері бірінші су шашып, кейін ауланы төрт рет сыпырып шығады. Хайрулла бақшасына алма ағашын отырғызса, Қалдыбай тойхананың алдына пальма егіп бәрін таңқалдырмақ. Клиент келгендегі екі жақтың тартысы тіпті қызық. Олардың әрқайсысы қонақты өз мейрамханасына кіргізу үшін «соғысуға» дайын. Қалдыбай балдай қымыз бен қуырдақ ұсынса, Хайрулла «жаңа піскен палаудың тіл үйірер дәміне жетер ешнәрсе жоқ» дейді. Екі көршінің бұл әрекеттері күнделікті қайталана бергендіктен, қызметкерлер ғана емес, қонақтар да бұған үйренгендей. 

Олардың арасындағы кикілжің шегіне жеткен тұста, Хайрулла мен Қалдыбайдың бауырлары бірін-бірі ұнататындығы анықталады. Екі ғашықтың махаббаты жауласқан көршілердің жүректерін жібіте алар ма екен,  бұл «соғыстың» соңы ұлан асыр тоймен аяқталады ма әлде тойдың да шырқы бұзылар ма, мұны 22 наурыз күні көресіздер.

- Жылдағы дәстүр бойынша «Хабар» телеарнасы Наурыз мерекесіне орай көрермендеріне көптеген сый әзірлеуде. Солардың бірі «Шайхана мен Тойхана» мюзиклы. Жобаның басты ерекшелігі еліміздің онтүстігіне барып түсіргендігіміз. Өздеріңіз білетіндей ол аймаққа көктем ерте келеді, күн жылы, ауа-райы қолайлы болды. Осы бір мюзикл арқылы оңтүстік халқының наурызды қалай тойлайтынын, салт-дәстүрлерімізді, сондай-ақ осынау ескі мейрамның түпкі мақсаты – бірлік, достық пен татулық екенін көрсеткіміз келді», - дейді жоба жетекшісі Ысқақ Дүйсембайұлы. 

Театрландырылған қойылымда Алмат Сақатов, Жанатбек Байтекенов, Жұлдызай Дүйсенбиева, Әйгерім Қалаубаева, Жігер Ауыпбаев, Жұлдыз Өмірғали сынды танымал өнер иелері басты рөлдерді сомдайды.

Abai.kz

2 пікір
Бақытбек 2017-03-30 17:24:24 2017-03-30 17:28:28
Ой- "Хабар" деген телеарна бар екен ғой?. Шынымды айтайын: - ағайын-туыс, дос-жараны көп (құдай көпсінбесін, аман жүрсін барлығы) қазақтардың бірімін. Бірақ мен білетін қазақтардың көпшілігі осы "Хабар" телеарнасын қарамайды. Бұл заманда, енді телевизор қарауда қалып бара жатқан сияқты. Көпшілігінде "триколор", "НТВ+" т.с.с. Мен, енді, әлгі достарымнан сұраймын ғой: - "неге қазақ телбағдарламаларын қарамайсыңдар" деп, сондағы негізгі жауап: - "қызық емес", "ұйқыңды келтіреді", "қалқанқұлақ, аңқау, маңқа қазақтардың қарайтын каналдары ғой" міне, жігіттер осылай.
Бақытбек 2017-03-30 17:24:24
Ой- "Хабар" деген телеарна бар екен ғой?. Шынымды айтайын: - ағайын-туыс, дос-жараны көп (құдай көпсінбесін, аман жүрсін барлығы) қазақтардың бірімін. Бірақ мен білетін қазақтардың көпшілігі осы "Хабар" телеарнасын қарамайды. Бұл заманда, енді телевизор қарауда қалып бара жатқан сияқты. Көпшілігінде "триколор", "НТВ+" т.с.с. Мен, енді, әлгі достарымнан сұрай

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2379
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3190