Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4278 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 11:48

Театр көктемі – 2017

Өнер ғана емес, өмірдің өзі шынайы бәсекелестік болған жағдайда ғана дамиды. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры жыл сайын өткізіп келе жатқан «Театр көктемі» фестивалі ең алдымен өнер ұжымдары арасындағы осы бәсекелестікті қалыптастыруға бағытталған десек, қателесе қоймаймыз.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ өнерінің қара шаңырағы саналатын Әуезов театрында фестивальдің тұсауы кесілген болатын. Аталмыш байқаудың ашылуына орай өткізілген баспасөз мәслихатын ашқан театрдың директоры Ерлан Білал  биылғы фестиваль Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналатынын айта келіп, халықаралық дәрежеде өткізіліп отырған фестивальдің қазылар алқасымен таныстырған.  Бұл жолы байқауға қатысатын қойылымдарды  қазақ өнерінің ақсақалы, КСРО Халық әртісі – Асанәлі Әшімов, Грузиядан келген өнертану докторы, блогер – Лаша Чхартишвили, өнертану докторы, Әзербайжан Ұлттық академиясының сәулет және өнер институтының театр, кино және телевидение бөлімінің меңгерушісі – Витади Гафаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана Жастар театрының көркемдік жетекшісі – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Әлия Бөпежановалар бағалайтын болады. Дәстүр бойынша қазылар алқасының мүшелері журналистерге фестиваль турасында мәліметтер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Наурыз айының 13 – 18 аралығында өтетін «Театр көктемі – 2017» фестиваліне биыл бес спектакль қатыспақшы. Атап айтқанда, Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясы, М. Омарованың «Ақтастағы Ахико» драмасы, Р. Кунидің «Мани – Мани» комедиясы, Қ. Мұраттың «Бақыт кілті» драмасы, М. Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасы көрермендер мен қазылар назарына ұсынылатын болады. Фестиваль 18 наурызда мәресіне жетіп, Х. Бөкееваны еске алу кешімен қорытындыланады.

Қуат Қайранбаев, «Жетісу»

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606