Жұма, 29 Наурыз 2024
Әттең... 6989 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 11:44

НҰРСҰЛТАН АТАМА ХАТ

Аса Қадірлі Нұрсұлтан ата! Сіз біздің болашағымыз үшін үлкен жұмыс жасап жатырсыз. Бірақ, сізге қарсы, біздің болашағымызға қарсы адамдар менің сәби жүрегімді жаралады. Нұрсұлтан ата! Мен Алматы қаласының тұрғыны Құсаинғазина Жамила Нағызқызы болам. Менің сізге өтінішім, менің қолымдағы нанымды Маңғыстау обылысы Ақтау қаласында, 9-ықшам ауданы,4-үй, 90 пәтерде тұратын « ВиКР плюс» ЖШС-нің қожайыны Крыжанюк Владимир Иванович тартып алды. Болашағымды бұлыңғыр етті. 

Анығырақ айтсам: Крыжанюк Владимир Иванович әкем кәсіпкер Құсайынғазыұлы Нағыздың 116 миллион 159 мың 176 теңгесін бермей отыр. Әкем бір неше жыл соттасып тентіреп жүріп әділдікке зорға қол жеткізді... Бірақ сол алдамшыға заң орындарының қуаты жетер емес. Ол менің нанымды жеп, бостандықта мәз болып жүр. Өз жерімізде өзіміз неге тоналуымыз керек? Кім бізге көмектесе алады?! Біздің отбасымыз тығырыққа тірелді... 

Сіз, «Балалар біздің болашағымыз» дейсіз, болашағыңыздың қолындағы нанды тартып алған адамнан сіз мықты емессіз бе?! Маған көмектесіңіз! Болашағыңызға көмектесіңіз! Сол ақшаны алып беруге көмектесіңіз! Сізден басқа үмітіміз жоқ! 

Құрметпен, Алматы қаласы, 55 мектеп 7 сынып оқушысы Құсаинғазина Жамила Нағызқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541