Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 5357 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 10:27

ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕУІМ – ЖАУАПСЫЗДЫҒЫМНАН БОЛДЫ

Алматы қаласының тұрғыны Вячеслав Попов жарты жыл ішінде қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеймін деген мақсат қойған. Бұл жайлы ер адам өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ. «Қазақ тілін жекпе-жекке шақырамын, нақтырақ айтсам өзімнің білімсіздігіме. Декларация!

Өзімнің қазақ тілін білмеуімді түпкілікті жоюға шешім қабылдадым! КСРО кезінде туылдым деп ақталмаймын, интернатта, кейіннен мектепте нашар оқытты демеймін…

Менің қазақ тілін білмеуім – ол менің жауапкершілігім! Яғни, жауапкершілігімнің жоқтығы! 

Мен оны оқымаған өзім, қажет деп санамай, қиынсындым, қорықтым!»,- деді ол.

Поповтың сөзінше, ол қазақ тілін жарты жылда меңгеруге ниетті, бұл шешімді ол бір кездері ата-бабасын өз жеріне қабылдаған халыққа құрмет ретінде жасамақ.

«Мен қазір өзіме және айналамдағыларға, Қазақстанда өмір сүретін барша қазақтар мен орыстарға, басқа да ұлт өкілдеріне мынаны дәлелдегім келеді: Шынымен өз дәстүріңді, мәдениетіңді, халықтар достығын сыйласаң, бір кездері менің украиндық және еврейлік арғы аталарымды өз жерінде қабылдап, сонау 1927 жылы Түркісіб құрылысы, кейіннен 1941-1945 жылдары фашизмге қарсы тізе бүгіп соғысқан елді сыйласаң тілін үйренуге болатынын дәлелдегім келеді», – дейді Вячеслав. 

«Олар маған және менің отбасыма, менің балаларыма осы жерде өмір сүріп, бейбіт ғұмыр кешу мүмкіндігін бергендері үшін қазақ тілін алты ай ішінде үйреніп, қазақ  әдебиетін оқи алатындай деңгейге жетуге  өзімді міндетеймін!

Біз – бауырлармыз! Біз – бір қаннанбыз! Біз – бір істі бірге атқарудамыз!»  – деп түйіндеді сөзін ол.

Жазба әлеуметтік желіде үлкен қолдауға ие болды. Көптеген алматылықтар тіл үйренуге қатысты өз көмектерін ұсынып жатты.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531