Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
16 Наурыз, 2017 сағат 10:21 Жаңалықтар 305 0 пікір

Алик Айдарбаев ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшасында жариялады.

“Бүгін ұжымға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалған Алик Айдарбаевты таныстырдым.

Алик Айдарбаев мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсеткен еді. Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр.   Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет жүктеген міндеттерді ойдағыдай атқарамыз деген сенімдемін” дейді министр.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2379
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3190