Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
15 Наурыз, 2017 сағат 09:32 46 - сөз 559 0 пікір

ЖЕРДІҢ ЫНДЫНЫ КЕУІП ТҰР МА?

Талдықорғанға биыл қар қалың түсті. Күрелмеген жерлердегі сіре қар белден асты.

Қар көлеміне қарап көктемде көше-көше, жер-әлемді су басатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ байқаймын қар еріп жерге сіңіп жатыр. Тас жолды қуалап аққан қызыл су тұрмақ, арық-атыздардың табанында жылт еткен тамшы жоқ.

Бұрындары осындай көктемді көргенде үлкендер "жердің ындыны кеуіп қалыпты, биыл құрғақшылық болмаса неғылсын" деп қауіп ойлап жатушы еді. Жалпы басқа жақта қалай болып жатыр екен? Бәлкім даладағы қардың ерісі қаладан басқа шығар. Жұлдызшылар не дейді? (Назарбек Қожамсейіт бұл өнерді өзімен бірге ала кетпеген болар, біреулер бар шығар) Өзім биыл егін салуға жүрексініп отырмын...

Есболат Айдабосын

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2379
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3190