Бейсенбі, 27 Шілде 2017
46 - сөз 662 0 пікір 15 Наурыз, 2017 сағат 09:20

ОЙТАМЫЗДЫҚ

Әншілеріміз Тәуелсіздікті қай жылы алғанымызды ұмытып, естерінен танып жатқанда, есіме қайдағы жоқ Жапония түсе кеткені. Алаш зиялылары бекерден-бекер Жапонияға еліктеді дейсіз бе?

Мысалы, онда Хоши Рьёкан деген қонақүй бар. Қарапайым отель. 1300 жылдан бері бір тоқтамай жұмыс істеп келеді. Дзэнгоро-Хоси деген біреу іргесін қалағаннан бері сол Хоси әулетінің міне 46-шы буыны иелік етіп келеді. Не пәле, 1300 жыл бойы үзіліссіз қызмет көрсету деген? Айтайын дегенім, меншік құқығы қандай алапат заман болса да, өзгермеген. Бізде ше, бірде феодализм, бірде коллективизм, коммунизм, капитализм болды.

Қазіргі императоры Акихитоны айтам да, біздің дәуірімізге дейінгі 711 жылы билік еткен Дзимму императордың тікелей ұрпағы. Жай ойлап қараңызшы, соңғы 2700 жыл бойы шежіресі бір үзілмеген. Не деген бітпейтін сабақтастық! Әрине, бұдан кейін жапонның тамыры терең болмай, кімдікі терең болсын..

Территориясының үштен екі бөлігін орман жапса да, ағашын кеспейді. Мейрамханаға ер мен әйел келсе, алдымен ер кісіге тапсырысын әкеліп береді, алдымен сонымен амандасады. Келімсектер жоқ. Себебі, оған беретін төменгі ақыны әдейі жапонның орташа жалақасынан жоғары қылып қойған. Сосын қандай жұмыс болса да, жапонын алады ғой.

Халқының 98,5 пайызы жапон, тілінде ізеттілік көрсетудің төрт деңгейі бар деп артықшылығын тізе берсе болады. Қандай нәрсе шығарсаң да, акуланың асқазаны секілді ерітіп, қорытып, өзінікін жасап шығарады. Мысалы, Батыс мультфильм жасады ма, бұлар аниме қылып жіберді, комикс бастады ма, бұлар манга қыла салады.

Бұл жазбаның түйіні жоқ. Ойтамызық қой. Сахаба Османның (Алла оған разы болсын) "Жақсы адамдармен аралас-құралас болу сауапты іс. Ал олардан үлгі алу - парыз" дегені секілді, жақсы мемлекеттерден үлгі алу бізге парыз болып тұр қазір.

Фото - Эдуард Цвиктың "Соңғы самурай" фильмінен. Әрине, оны көру керек көрмеген жан болса.

Өркен Кенжебек

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21928