Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Мәйекті 4328 0 пікір 14 Наурыз, 2017 сағат 11:09

БИЛІКТЕ БҮГІН БІРАЗ АУЫС-ТҮЙІС БОЛУЫ МҮМКІН

Бүгін Үкіметте біраз ауыс-түйіс болуы мүмкін, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың орнына әкім болып «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалуы мүмкін.

Бұдан бөлек Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері ауысады деп күтілуде.  Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің орнына Президент әкімшілігі басшысының қазіргі орынбасары Құмар Ақсақалов, ал Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің орынына премьер-министр канцеляриясының жетекшісі Ерлан Кошанов тағайындалуы мүмкін. Басқа да облыстардың басшылары ауысады деп күтілуде.

Осы ауыс-түйіс кезінде Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев те креслосымен қоштасуы ықтимал деп жатқандар бар. 

Шәріпхан Қайсар

Абай-ақпарат

0 пікір