Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4467 0 пікір 6 Наурыз, 2017 сағат 10:55

ҚАЛИ ШАЛДЫҢ "ПІССІМІЛЛАСЫ"

Əр ауылда бір "қисық" шалдар болады. Не айтсаң да өз пəлсəпасын айтып қарсы шығады. Қали шал да сондай. Қашан көрсең өзінше болып жүргені. Құрдастарының өзі одан аулақ жүруге тырысады. Сол Қалекең бірде ат арбасына кебу бұтақтардан ыңырсыта отын тиеп алып, ауылға бет алмай ма! Тиісерге қара таппай, іші пысып келе жатады. Жол жөнекей өлілердің мекені - қабірлердің тұсынан өтіпті. 

- Осы жұрт мына жерден өткен сайын "піссіміллəлап" жатады. Ал, айтпаймын мен! Ал, "піссімілла" демеймін! Не істеп аласыңдар?-деп атын қамшымен бір салып жіберіпті. Арба жұлқи қозғалғанда біреу Қали шалдың желкесінен бүре түсіпті. "Піссімілла" деп жанұшырып айқай салған ғой атамыз. Темірдей қатты құрсау одан əрі қыса түскен. Атамыз арбасын шайқалтып ауылға дейін шауып, шаңдатқан күйі есігінің алдына барып бір-тоқтапты. 

- Ойбай, құтқарыңдар! "Піссімілла " дедім ғой, жібере қойшы!- деп жан дауысы шығады. Желкеден қысқан бəленің жіберетін түрі жоқ. Бір кезде үйден əйелі шығыпты. Құрдастары да жиналып қалған. Бəрі бүрісіп отырған Қалекеңе қарап тырқ, тырқ күледі. Бірдеңенің болғанын сезген "қисық" шал ақырын желке тұсын сыйпап көрмей ме! Сөйтсе, ұзын бұтақтың айыр ашасына желкесі қысылып қалған екен! Арба қатты қозғалғанда бүре түскен де сол бұтақ! 

...Қалекең сол оқиғадан кейін қисық сөйлегенін қойып кетіпті деседі. Аузынан "піссімілласы" түспейтін болған.

P. S. Жəй, осындағы бір "қисықтың" жазбасынан кейін есіме түсіп кеткені.

Арман Сқабылұлы

Facebook-тегі жазбасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3507