Бейсенбі, 18 Шілде 2019
Бәсе... 3555 2 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 13:30

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ: БҮГІН БӘРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТУЫ ТИІС!

Бүгін - Қазақстанда тұрып өмір сүріп жатқан диаспора өкілдерінің қазақ халқына алғыс айту күні. Бұл - Елбасының өзі бекіткен күн.

Сонымен бүгін - Сталиндік депортацияға  ұшырап, алағай да бұлағай кезеңде Қазақстанға еріктерінен тыс қоныс аударылған көп ұлттың кеңпейіл қазақ халқына алғыс айтатын күні. Біз Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мыразаны осы ретте сөзге тартып әңгімеге шақырдық.

-Ералы мырза, бүгін -  Қазақстанда тұрып өмір сүріп жатқан диаспора өкілдерінің қазақ халқына алғыс айту күні. Сіз халықтар ассамблеясының басшылығына жүрсіз...

- Мен төраға емеспін (күлді), Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісімін. Біз жыл сайын 1000-нан аса іс-шара өткіземіз. Осы шаралардың барлығының мақсаты біреу. Ол – Қазақстан халқының бірлігін насихаттау, елімізді мекен етіп отырған диаспора өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау. Әрине, жүз отызтан астам диаспора өкілдері сонау қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, жарты нанын бөліп жеген қазақ халқына алғыс айтуы керек. Және айтып та жүр. Мысалы, жоғарыда айтқан мыңнан астам іс-шараның әрқайсысында дерлік алғыс айтылады. Кешегі кесапаты көп болған кесір қоғамның тірі куәгерлері, көнекөз қариялар жастармен кездесіп, аш жалаңаш жұртты ажалдың аузынан аман алып қалған қазақ ұлтына алғыстарын айтып жатады.

- Бүгін - Ассамблеяның да туған күні. 1 наурыз...

-Рас айтасыз, бүгін - Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күні. Ассамблеяның ұсыныс жасауымен Елбасының өзі бекітіп берген 1 наурыз - алғыс айту күні. Біз жаңа ғана осы қос мерекеге арналған жиыннан шықтық. Бұл Қазақстанда тұратын барлық диаспора өкілдерінің қазақ халқына деген ықыласы. Бұл күнді қазақ еліне, жеріне деген ыстық ықыласы деп түсінейік.

-Алғыс айту деген неге тек бірінші наурызбен шектеліп қалады? Ассамблеяда жалпы қанша ұйым бар? Солардың өз іштерінде осы әңгіме қаншалықты жиі көтеріліп жүр?

-Мен "Алғыс айту неге тек бірінші наурызбен шектеліп қалады?" деген сұрақпен  келіспеймін. Тек бірінші наурызбен шектелмейді ол. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзге ұлт өкілдері қазақ халқына ықыласы ретінде Алматы облысындағы Үштөбеде ескерткіш орнатты. Мұндай ескерткіштер Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облыстарында да қойылды. Керек десеңіз, ол қазақ халқының, түркі жұртының ғұрпында бар. Өзге ұлттар 1 наурыз мереке болмастан бұрын да алғыс айтатын. Қазіргі таңда елімізде, Ассамблея құрамында  1000-ға жуық этно-мәдени бірлестіктер жұмыс жасап жатыр.

- Ералы мырза, алғыс айту дегенді әркім әр түрлі түсінеді. «Қазақстан халқының бір-бірлеріне алғыс айтуы» деп жүргендер де көп. Анығында бұл өзге ұлттардың қазақ халқына алғыс айтатын күні емес пе?..

-Дұрыс айтасыз. Бұл - Қазақстанда тұратын барлық диаспоралардың жер иесі қазақ халқына алғыс айтатын күні. Тек бұл емес, біздің шекара шетінде жүрген қаншама қандастарымыз бар. 5 милионға жуық қазақ шетте жүр . Бүгінгі күн – қазақтардың сол шеттегі қазақтарға жағдай жасап, өз азаматымен тең көріп отырған мемлекеттің халқына да алғыс айтатын күні. Сондықтан, бүгінгі күннің тарихи да, рухани да маңызы айрықша деп түсінеміз.

-Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рақмет. Істеріңізге сәттілік. Мереке құтты болсын!

-Сіздерге де үлкен рақмет. «Abai.kz» ұжымы, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Қазақстан халқының бірлігі, татулығы жолында бірге болайық.

 Сұхбаттасқан Нұргелді Әбдіғаниұлы

 

Ресми дерек бойынша, елімізде 100-ден аса ұлттың өкілдері (дисапоралар) тұрып жатыр. Төменде 2009 жылы жүргізілген жалпыұлттық халық санағының дерегі бойынша Қазақстанда ресми түрде тіркелген этностардың сандық көрсеткішін беріп отырмыз:

1. Қазақтар - 9 540 806
2. Орыстар - 3 869 661
3. Өзбектер - 463 381
4. Украйындар - 422 680
5. Ұйғырлар - 241 946
6. Татарлар - 226 803
7. Немістер  - 220 975
8. Кәрістер - 103 931
9. Әзірбайжандар - 93 972
10. Белорустар -  87 090
11. Түріктер - 89 083
12. Дұнгандар - 49 605
13. Поляктар - 39 869
14. Күрдтер - 39 660
15. Шешендер-  36 555
16. Тәжіктер - 34 296
17. Қырғыздар - 20 931
18. Башқұрттар - 20 323
19. Ингуштер - 17 849
20. Молдавандар  - 17 380
21. Армяндар - 15 127
22. Гректер  - 11 310
23. Мордвалар - 10 864
24. Чуваштар - 9139
25. Удмурттар-  7540
26. Болгарлар - 6222
27. Литвандар - 6183
28. Грузиндер - 5774
29. Қарақалпақтар - 5593
30. Марийлар - 5584
31. Сығандар - 5207
32. Лезгиндер - 4643
33. Еврейлер - 4068
34. Қытайлар - 3961
35. Парсылар - 3517
36. Түркімендер - 2129
37. Балқарлар - 2107
38. Үндістан және Пәкістан халықтары - 1930
39. Осетиндер -  1871
40. Латыштар -  1421
41. Аварлар - 1417
42. Эстондар-  1375
43. Қарашайлар - 1364
44. Қырым татарлары - 1044
45. Арабтар - 953
46. Дарғындар - 944
47. Ауғандықтар-  821
48. Коми-пермяктар - 761
49. Чехтар - 754
50. Моңғолдар - 752
51. Қалмақтар - 738
52. Құмықтар -  734
53. Твалар - 635
54. Гагауздар- 620
55. Адыгайлар - 604
56. Румындар - 597
57. Лактар 574
58. Буряттар - 537
59. Ағылшындар - 515
60. Венгрлар - 485
61. Алтайлықтар - 476
62. Финндер -  454
63. Ноғайлар - 438
64. Американдықтар - 436
65. Сахалар(якуттер) -  415
66. Италияндықтар - 404
67. Чувандар - 388
68. Карелдер - 365
69. Хакастар - 362
70. Табасарандар - 345
71. Удиндер - 342
72. Асираилдіктер - 338
73. Комилер - 288
74. Абхаздар - 214
75. Шорлар - 210
76. Черкестер - 176
77. Ненецтер - 176
78. Абазиндер - 149
79. Агулдар - 137
80. Кабардиндер - 98
81. Халха-моңғолдар - 96
82. Кубалықтар - 95
83. Рутулъдер - 93
84. Долгандар - 83
85. Коряктар - 76
86. Въетнамдықтар - 67
87. Татар - 66
88. Хорваттар - 63
89. Сербтер - 61
90. Австриялықтар - 60
91. Словактар - 58
92. Испандар - 57
93. Албандықтар - 55
94. Француздар - 51
95. Евразиялық еврейлер - 50
96. Удегейлер - 49
97. Жапондар - 46
98. Голландықтар  - 45
99. Вепстер - 43
100. Эванкілер - 38
101. Белуджилер - 37
102. Грузиндіктер - 35
103. Эвендер - 34
104. Таулық еврейлер - 33
105. Хантылар - 31
106. Қырымшақтар  - 31
107. Тофалар - 30
108. Қарайымдар - 29
109. Мансылар - 24

110. Цехурлар  - 23
111. Чукчалар -  22
112. Нанайлықтар - 22
113. Ижорлар - 17
114. Алеуттер - 14
115. Нивхилер - 10
116. Ителмендер - 10
117. Энецтер - 9
118. Кеттер - 9
119. Юкагилер - 8
120. Орогтар  - 8
121. Даттықтар - 7
122. Селъкуптар - 4
123. Уличтер - 4
124. Нагидалықтар - 4
125. Саамдар - 3
126. Үльттар - 2
127. Наганасандар - 2
128. Эскимостар - 2
129. Басқалары  -1357
Барлығы: 15 776 492

http://abai.kz/post/view?id=472 

Abai.kz ақпараттық порталының мұрағатынан


2 пікір