Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5264 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 09:51

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ: БІЛІМ САЛАСЫНА ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМА КЕРЕК

17 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен өткен бейресми кездесуде білім саласындағы мәселелер де сөз болды. Көшербаев әр министр білім саласына жаңа реформа жасамай, өзіне дейінгі жасалған жұмысты жалғастыра отырып, бұл саладағы жүйелді жұмысты қамтамасыз ету керек деді.

«Республикалық «тамыз конференциясында» тәрбиел туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Мектеп – тәрбиенің бесігі. Ұрпақ тәрбиесінің ұясы – мектеп. Алайда, облыстық тамыз конференциясын мектептегі тәрбие мәселесіне арнап, кеңінен талқыладық» деді аймақ басшысы.

Көшербаевтың білім саласына қатысты сыни пікір айутының мәні бар. Өйткені, ол бұл саланы жақсы біледі. 1997-200 жылдар аралығында аталған саланы басқарған адам.

Білім жүйесіндегі кейбір мәселелерге өз ойын айтқан Көшербаев облыстағы істеліп жатқан жұмыстарды да айтуды ұмытпады.

Әкімнің сөзіне қарағанда, Қызылорда облысы бойынша былтыр мектеп бітірген түлектердің 97 пайызы жоғарғы және арнаулы оқу орындарына түскен екен. Ал, облыстағы үш ауысыммен оқу жойылып, аймақ 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен толық қамтылған. Бұл – жаңа мектептер мен балабақшалардың салыну мен пайдалануға берілуінің нәтижесі.

Бұл саладағы тағы бір мәселе – апатты жағдайда тұрған мектептер. Көшербаев облысқа әкім болып келген кезде мұндай мектептердің саны – 37 болған. 25 мамыр – соңғы қоңырауға дейін осы мектепдің мәселесін түбегейлі шешу қолға алынған. 12 апаттық мектеп тұтас жөнделіп, мектеп бітірушілер жаңа мектеп шықпақ. Бұған биыл мектеп бітіретін оқуышлардың атынан әкімге айтылған өтініш те себепкер болыпты. Оқушылар алтын ұя мектеппен қоштастарда жаңа мектептен шықсақ деп өтініш білдірген екен. Әкім балалардың тілегін жерге тастамай, 25 мамырға дейін 12 мектеп су жаңа күйге енетінін тағы бір мәрте айтты.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2274
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591