Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 5823 0 пікір 8 Ақпан, 2017 сағат 16:06

ӨЗБЕКСТАНДА САХЫНАҒА ЖАЛАҢАШТАНЫП ШЫҚҚАН АРУЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАЙДЫ?

Өзбек шоу бизнесі өте "нәзік" тақырып. Ондағы әншілердің әрбір қимылы аңдулы, есептеулі, өлшеулі. Әр айтқан сөзі мен ел алдындағы жүріс-тұрысын, киім киісін аңдып отыратын арнайы ұйымы да бар. Мұның барлығы шоу бизнес өкілдеріне жүктелген жауапкершіліктің қаншалықты зор екенін аңғартады.

Тамила (Эсмеральда Рахматова)

Өзбектің бұл әншісі жартылай жалаңаш күйінде екі бейнесюжетке түсіп, өзбек жұртын шулатқан болатын. Оның видеолары елге таралып кетіп, әнші елдің бірәз сынына ұшыраған. Осылайша,  Тамила ел алдына шығудан қалды.

Диана Ягофарова

Өзбек шоу бизнесінде енді ғана жарқырап шығып келе жатқан жұлдыздардың бірі Диана Ягофарова еді. Алайда 2009 жылы болған атышулы жайт оның өзбек қауымы алдындағы абыройын шелектеп төкті. Желіде оның Бахром Якубов есімді режиссермен (нақты емес, соған ұқсайтын азамат) төсек сахналарын сомдаған сәттерінің видеосы тарап кеткен. Бұдан кейін өзбек шоу бизнесінің есігі ол үшін тарс жабылды.

 

Озода Нурсаидова

Өзбек әншісі Озада Нурсаидоваға концерт беруге тыйым салынғалы 8 жыл өтті. Әншінің ән кештері өте әдепсіз түрде өткендіктен, оған рұқсат берілмеген.

Райхон Ганиева

Әнші Райхонның Лола Юлдашевамен бірігіп айтқан "Куныкмадым" әніне 2015 жылы түсірілген бейнебаянда эротикалық кейіпте түсуі мемлекеттік шенеуніктердің ашуына тиеді. Олар қос әншіні қатаң сынның астына алып, олар лицензиясынан айырылып қала жаздаған. Тек биліктегі кейбір тамыр-таныстарының арқасында ғана олар лицензиясын сақтап қалған болатын. Дегенмен Райхон туралы жағымсыз пікір сол кезеңнен бастап қалыптасып қалды. 

Лола Юлдашева

Лола Юлдашева жоғарыда айтылған бейнебаяннан соң өзбек сахнасында ән айту мәртебесінен айрылып тынды. Оған ""Өзбек менталитетіне сай емес" деген айып тағылды.


Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3498