Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 4688 0 пікір 6 Ақпан, 2017 сағат 10:34

АБАЙДЫҢ "ҚАРА СӨЗДЕРІН" ЖОҚҚА ШЫҒАРҒАН КІМ?

Әлеуметтік желіде үлкен жанжал туды. Танымал қазақстандық сәнгер Нұрлан Төреханов «Қара сөздерді» Абайдың жазғанына күмән келтірді. Ол туындының кеңестік насихаттау мақсатында жазылғанын меңзеді. Бұған Абайтанушылар бей-жай қарап отыра алмады.

Бұл туралы 31 арна  хабарлады.

Қолжазба жоқ – демек автор да жоқ. Нұрлан Төрехановтың жазбасының қысқаша мағынасы осындай. Қазақстандық дизайнер қазіргі уақытта Мәскеуде жүр. Ол «Қара сөздерді» Абайдың жазбағанын, олардың ұлы ақын қайтыс болғаннан кейін кеңестік насихаттау құралы ретінде пайда болғанын мәлімдеді.

Нұрлан Төрехановтың жазбасынан:

«Біз «Қара сөздерді» қазақтар жаттап алып, ауыздан ауызға берілген дей алмаймыз. Ол эпос емес, батырлар жыры да емес, батырларды насихаттайтын жыр да емес, тұрғындардың көзімен қарағанда ол қазақтарға жабылған жала. Қазақ соңына дейін тыңдамастан, оны жатқа айтқанша жырды насихаттаған адамның үстінен арыз жазуға барады».

Филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Исмақова талай жылын Абайдың шығармашылығын зерттеуге арнады. Оның сөзіне қарағанда, бұл әлем әдебиетінің алдында қазақтың ұлы ойшылының ерен еңбегін жоққа шығарудың бірінші талпынысы емес. Кезінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтар  феодалдың ұлы Абайға пролетарлық халықтың арасында орын жоқ» деп жар салған коммунистермен тартысуға мәжбүр болған.

«Төреханов мырза, осылайша елден ерекшеленіп, Алашордашылардың абайтанудағы барлық еңбектерін жоққа шығарып отыр. Ол – Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Көшке Кемеңгерұлы және Абай туралы жазғаны үшін атылып кеткен барлық алашордалықтар. Қолжазбаға келетін болсақ, Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайында Абай өз қолымен жазған жалғыз құжат сақталған. Ол «Қазақ халқының шығу тегі» туралы төрт беттік мәтін. Осы мұражайда өз әкесінің қолжазбаларын сақтап қала алған Абайдың ұлы Тұрағұлдың жазбалары бар. Оның ішінен 45 қара сөздің 41-і табылады. Бұданбөлек, «Қара сөздердің» түпнұсқасы Семейдегі Абай мұражайында сақтаулы», – дейді Айгүл Исмақова.

«Біздің мұражайда Мүрсейіт Бүкеұлының қолжазбасы сақталған. Ол Абайдың жеке хатшысы болған адам. Сол қолжазбалардың ішінде автор сөз етіп отырған «Қара сөздер» де бар», – дейді Семейдегі Абай мұражайы директорының орынбасары Мейрамгүл Қайранбаева.

Қорыта айтсақ, сәнгер Нұрлан Төреханов аталмышжазбасымен Абайдың шығармашылығын зерттеген барлық ғалымдардың қаҺарына ұшырады. 

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565