Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 6651 0 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 17:47

ҮНДІ ДАНАЛЫҒЫ

Бүгін сіздердің назарларыңызға үнді даналығын ұсынамыз. Бұл – Орта Азияда, Үндістан түбегінде орналасқан халқының саны бойынша 2 орында тұрған ірі мемлекет. Бұл ғылым мен мәдениеті ертеден қалыптасқан ежелгі ел. Таңғажайып сезімдер сыйлайтын, тағдыры тереңнен тамыр алатын Үндістанның даналығы не дейді екен? Оқып көріңіз!


***

Жер бетіндегі соңғы ағаш кесілгенде, соңғы өзен ластанғанда, соңғы құс ұсталғанда ғана адамдар ақшаның жеуге жарамсыз екенін түсінеді. 

***

Адам бала кезінде – әкесі мен шешесі туралы ғана, жастық шағында – ғашығы туралы ғана, қартайғанда –балалары туралы ғана ойлайды. Сөйтіп, оның өзі туралы ойлауға қолы тимейді.

  ***

Адамды білгің келсе, оны ашуландыр. Адам – ыдыс секілді, іші неге толы болса, соны төгеді. 

***

Ақылды, әрі адал адаммен дос бол. Ақылды, әрі арам адамнан сақ бол. 

***

Сен туғанда жылап жаттың, ал әлем қуанып жатты. Өлерде сен қуанып, әлем жылап жататындай өмір сүр. 

***

Менің артымнан жүрме, мен сені адастыруым мүмкін. Менің алдыма түспе, мен сені аңдуым мүмкін. Менімен бірге жүр, бәрін жеңеміз! 

***

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

***

Жұрттың көңілін өзіңе аудару үшін биікке шығуың керек. 

 

Аударманы әзірлеген Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522