Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Тарих 19553 4 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 13:00

Cерік ДӘУЛЕТОВ. АЛШЫН РУЛАРЫНЫҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ (жалғасы)

Кезінде қазақтан шыққан  тұңғыш инженер-теміржолшы, қоғам қайраткері, тарихшы Мұхамеджан Тынышпаев өзінің география, топография, геодезия саласындағы кәсіби білімін пайдаланып, «Қазақтың ең ұсақ рулары тарихының өзі милади жыл санауынан ары кететіндіктен, алаштың ең ірі тайпасы - алшындардың тарихы да ғасырлар қойнауына ұласуға тиіс. Ендеше оның іздерін географиялық атаулар мен тарихи деректерден іздестіріп көрейік»,[1]деп Алшын руларының этимологиясын Таулы Алтай топонимдерімен байланыстырған еді. Қазір құпия болмай қалған Кеңес Армиясының Генштабының ірі масштабтағы әскери-топографиялық карталарын пайдаланып, Алтай– Саян аймағының әрбір шаршы метрінен сол іздерді іздегенде бұл ғұлама ғалымныңбір ғасырға жуық уақыт бұрын бізге берген бағыт-бағдарыныңдұрыстығына тәнті боласың.  

 

ӘЛІМ

Жоғарыда Жақсылық Сәбитов қазақ Алшындары 14-ғасырда өмір сүрген Алау батырдан тарайды деп есептейді дедік.Жақсылық негізге алып отырған Т.Үсенбаевтің «Алшын шежіресі» бойынша Әлім-Алау батырдың бесінші ұрпағы болып келеді. Әлім шежіре бойынша Қаракесектің ұлы, Кәдірқожаның немересі, Аққожаның шөбересі, Қыдуардың шөпшегі, Алау батырдың неменесі, 3 әйелі болған, інісінің аты-Шөмен.

Ал М. Тынышпаев болса, Әлім атауы қандай да бір қожаның немесе діни пірдің құрметіне қойылған сияқты дейді.[2]

Шындығына келсек, Әлім- адамның аты емес. Әлім (Әлімұлы)-Қазақ хандығының құрамындаШекті, Шөмекей, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Кете руларын біріктірген тайпаның аты.

Әлім атауы Саяндағы Арқарлы тайгасының тау жоталарынан бастау алатын Әлім өзеніне байланысты. Әлім Енисей өзенінің бассейніне жатады, ұзындығы 155 км Бөдий өзеніне (Лас өзен) құяды, ол өз кезегінде 325 км-лік Қамсарыға құяды, Балқаш-Кем, Саз-Кем деген салалары бар, келесі беттегікартаны қараңыз.Жошының Қоян жылғы (1207 ж.) мобилизациясына дейін осы өзеннің жағасында өсетін жабайы алмамен азықтанып, Арқарлы тайгасында арқар аулап, аңшылықпен айналысып жүрген халық Әлімлі деп аталған.

Әлім- моңғол тілінде алманы білдіреді.Қазіргі заманда ол өзен Алмалы болып аталар еді.Б.Базылханның «Моңғол-қазақ  сөздігіне» жүгінейік:

АЛИМ      алма;   ~ ны мод      алма ағашы.[3]

Моңғол алфавитінде де кирилл әріптері қолданылғаныменен олардың дыбысты бейнелеу жүйесі қазақшадан өзгешелеу. Сондықтан «алим» деп жазылған сөз «әлім» деп оқылады.

Бұқатұлы Базылханның  «Моңғол-қазақ сөздігіндегі» түсініктемеге назар аударайық.

«...ж, ч, ш үшеуінен басқа дауыссыздан кейін келген «и»-дің алдыңғы шеніндегі «а» дыбысы қазақ тіліндегі «ә» болып айтылады.

Мысалы: 

                    барих- бәріқ                          тарих- тәріқ

                    харих- хәріқ                          алим- әлім»[4]

 

Әлімлі сөзі бертін келе Әлімұлына айналған.

 

 

 

ШЕКТІ

Шекті атауын шежірешілер негізінен таңбамен байланыстырады. «Алшын шежіресінен»[5] алынған Әлімнің ұлыЖаманақ жылқысына қос шек таңбасын салып, содан Шекті атаныпты дейтін әңгіме қазір ғаламторда сайттан-сайтқа, мақаладан-мақалағакөшіп жүр.Ол тұжырым негізсіз екенін дәлелдеп көрейін. Біріншіден, Шектінің таңбасы қос шек емес, қос шек дегендеәңгіме домбыраның шегі (малдың ішегінен жасалған) туралыболса, таңбамыз 2 параллель сызық болуы керек. Ондай таңба бар, бірақ ол шектінікі емес, қыпшақтікі. Егер әңгіме Х таңбасы туралы болса, ондай таңба шектіде жоқ, ол ашамай таңба- ашамайлы керейдікі. Менің ағам Меркебай Тағыбергенов (1936-2014) біздің таңбамыз–адалбақан, ұранымыз- Бақтыбай дейтін.

Тарихшы ағамыз Аманбай Құнтөлеуов Шектінің ұраны Бақтыбай батыр туралы еңбегінің мұқабасында Шектінің таңбасы ретінде адалбақанды бейнелеген:

«Адалбақан - киім, қамшы, ат әбзелдерін, кейде тұтқалы ыдыс-аяқ ілетін бұтақтары бар, ағаштан жонып, немесе темірден ілгіш салынатын, күміс құймалармен әшекейленетінкөбінесе бұталы арша ағашынан кесіп жасалынатын бақан түрі»[6]

         Ал шын мәнінде Шекті атауы өзенге байланысты.  Алтайдың Оңтүстік Чүй жотасынан, теңіз деңгейінен3262 метр биіктіктен 87°23′  ш.б. бастау алатын Шекті деген өзен бар.Шекті Арғыт өзенінің Жасадыр саласына келіп құяды, келесі картаны қараңыз.

 

 

Алдында келтірілген «Моңғолдардың құпия шежіресінен» үзіндіде «Бажықыттан бергі орман ел-жұртын Жошы бағындырып...»деген жолдар бар. Мұндағы Бажықыт дегеніміз, Арғыт өзенінің Ақ алақа деген саласына құятын тау өзені, картада- Байжигит.  Бұл өзеннің бастаулары мына төменгі картада көрсетілгендей, Шектіден батысқа қарай  50 км жерде жатыр.

 

Демек, Жошының «аннексиялау аймағының» шеті Бажығыт-Байжігіт өзені-Шектілердің территориясының батыс шекарасы. Арғыт өзені ол зонадан шығысырақта болғандықтан, ол өзенді бойлай мекендеген Арғын тайпасыЖошының жасақтарымен кездеспеген. Арғындар моңғолдардың 1207 жылғы бұл жорығынан хабардар болып, тез арада батысқа үдере көшкен сияқты.Бұл ой Мұхаметжан Тынышпаевтың «Аристов замечает, что аргыны во времена Чингисхана поддались на запад впереди найманов и кереев; в отношении факта передвижения именно в таком порядке замечание Аристова верно, но передвижение аргынов произошло без сомнения до Чингис-хана»[7]дегентұжырымымен үйлеседі.Ал Шектілерге келер болсақ, олардың Арғындармен шекаралас бір бөлігі Арғындарға ілескен сияқты.Таңбаларына қарай жоғары және төменгі болып бөлінетін осы шектілер «тоқал арғын» деген атпен белгілі.

Алшынның рулары Арғынның Қуандық бөлімінде де бар, олар Беріш пен Ағыс.«На территории Акмолинского уезда расселился в основном род куандык из племени аргын с его отделениями: алтай, карпык, берш, темеш, агыс, калкаман; северо- восточную часть уезда (по р. Сленты) заняли канжигали, часть рода, расселившегося в Павлодарском уезде; на северо- западе расселился род караул племени аргын, а в северной части- род курсары племени керей».[8]

Бұл жерде айтылып отырған берішті Шәкәрім қажы Беруші[9] деп тарқатса, саясаттанушы  Жақсылық Сәбитов өзі құрастырған шежіреде Борши деп келтіреді[10] 

«Алшын шежіресі» бойынша Ағысбылай тарқатылады:Алшын-Алау батыр-Қыдуар-Аққожа-Кәдірқожа-Қаракесек-Әлім-Жаманақ(Шекті)-Шыңғыс-Жақайым- Ағыс.[11]

Арғын тайпасының Арғыт өзенінің бассейнін мекендегеніне келесі карта дәлел бола алады.

 

Картадан Шегенді өзені, оның Ақбұлақ өзеніне құятыны, Ақбұлақтың Көксуға құятыны, Көксудің Арғұтқа құятыныкөрініп тұр. Егер Арғын тайпасының Шегендік руы осы Шегенді өзеннің жағасын жайлаған болса, Арғын атауының Арғытқа байланысты болуы заңды.

Ал Шекті өзенінің атауын жағасында шек (чік)халқы тұратын өзен дептүсінуге болады. Ондай мысалдың бірі- Ақтөбе облысындағы Ноғайты өзені.Ол өзеннің жағасын 14-15 ғасырларда, Едіге бидің заманында  Ноғай ордасының халқы жайлағаны белгілі.

Николай Аристов шекті руы түрік-орхон жазуларындағы чик халқынан шығуы мүмкін дейді. «Род чиклиможет происходить от народца чик тюрко-орхонских надписей».[12]

 

Қазақ ғалымдары чик пен шектінің бір халық екеніне күмәнданбайды.«Байырғы түрік ескерткіштерінің мәтінінде аталатын чік/чек-шекті тайпасы. Чіктердің (чек) қорғандарын, молаларын Ломоносов атындағы МГУ-дің профессоры Л. Р. Кызласов ақсақал көп жыл бойы қазып, ғылыми монография қалдырған»-дейді түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы.

          Монғолиядағы Орхон өзенінің бойынан табылған Білге қаған бітіктасының 1-бетіндегі мәтінде  мынадай жолдар бар.

         «Жиырма екі жасымда

         Қытайға қарай жорық жасадым

        Чача-сеңгүн басқарған сегіз түмен әскермен соғыстым. Әскерін   сонда өлтірдім.

        Жиырма алты жасымда

Чек халқы қырғызбен қосылып жау болды.

Кем өзенін кеше жорық жасадым.

Чектерге қарай жорық жасадым.»[13]

Алшын Шектілері шежіре бойынша Өріс, Жақайым, Баубек, Бөлек боп бөлінеді.

Өрістен- Айдарбек, Есеналы.

Жақайымнан- Ағыс, Көгіс, Ақбура, Тоқбура.

Баубектен- Темірбақты, Жанқылыш.

Бөлектен- Айт, Бұжыр.

Айттан- Тілеу, Қабақ.

Қабақтан- Хангелді, Жангелді, Аралбай, Айбек (кейбір шежірелерде Беке), Төлес.

 

 

ҚАБАҚ

«Қариялардың дерек­те­ріне қарағанда, Қабақ пен Тілеу ата­ларымыз жоғарыдағыдай батыр­лықтарымен қоса өз заманында ел басқаруға араласып, билікті өте сауатты жүргізген. Олардың ел билігіне араласу кезеңдері атақты Жалаңтөс баһадүрдің бүкіл Орта Азияны басқарып тұрған кезіне сәйкес келеді. Батыр өзінің дәуірі жүріп тұрған кезінде Әйтекенің атасы Ақшаны Коқанға хан сайлап, шөмекейден Айтқұлды би етіп, ал Қабақ атамызды Ташкенттің бегі етіп тағайындаған»(«Бабалар рухы».Оразбай Әділбаев, зейнеткер, Шалқар ауданының құрметті азаматы, Ақтөбе облысы.)

Шалқар өңірінде Оразбай ағамыз сияқты ақсақалдардан Тілеу мен Қабақтың батырлығы мен билігі туралы осындай әртүрлі әңгімелерді есітуге болады.

Дей тұрғанмен де, Қабақ- кісі есімі емес. Қабақ атауы Төлес көлінен оңтүстікке қарай 80 км жерден басталатын Қабақ тайгасымен байланысты.

Моңғолша таулы орманды тайга деп айтатынын жоғарыда келтірдік. Қабақ тайгасы теңіз деңгейінен 2000-2500 м биіктікте орналасқан, Кіші Ұлаған, Атыргол өзендерімен шектеседі, келесі беттегі картаны қараңыз.Ұлаған деп моңғолша қызылқат жемісін айтады,[14]ал Атырголдың мағынасы- тың өзен[15]. Жошының Қоян жылғы (1207 ж.)әскери мобилизациясына дейін осы Ұлаған өзенінің жағасында өсетін қызылқатпен қоректеніп, Қабақ тайгасында аң аулап жүргенхалық Қабақ деп аталған. (Қабақ- моңғолша да қабақ, жар, жарқабақ дегенді білдіреді).

Алшындар XVI ғасырда Ноғай Ордасының құрамында болды дедік.Ноғай Ордасының биі, Едігенің шөпшегі Сейд Ахмет(Сейдақ) 1540 жылдары бауыры Шейх-Мамайдың қысымына шыдамай билігін, елін тастап Хорезмге(Хиуаға) көшіп кетеді. Ол туралы тарихшы Аманбай әл-Құланды былай дейді:

«Ноғай Ордасының сыртқы жағдайы кәмелденгенмен, оның ішкі жағдайы көңілге қонымды емес-ті. Аяқ  астынан әлеуетті Сейдақ би ноғайлардың тізгінен айрылып, өзіне қарасты жұртымен Хорезмге қоныс

аударды... Тарихи деректер Сейдақпен бірге Хорезмге 30 мың ел көшті дегенді келтіреді (106,154)»[16]

 

 

Осы Хорезмге (Хиуаға) көшкен түрлі рулардыңішінде қабақ руы да болды. Бұл рулар болашақ қарақалпақ халқының негізін қалады.Хиуа жерінде Әмудің Аралға құяр сағасындағы (қазіргі Қарақалпақстанның және Түрікменстанның территориясында) Қоңырат, Қытай, Қыпшақ, Маңғыт, Қабақлы қалалары (елді мекендері)сол рулардың тарихын еске салғандай. Қабақлы сөзінің мағынасы «Қабақтан шыққан» дегенді білдіретіні түсінікті болса керек. Тарихта Қабақтан шыққан хан да болған, ол қысқа уақыт болса да, Хиуаны билеген.

«И после де того приехали в Хиву гурленцы и аралцы тысяч с пять, а с собою привезли Кабаклы хана и в Хиву вошли с многим боем силно, и учинили Кабаклы владелцом. И тот де Кабаклы хан Арал хановых детей обеих велел удавить до смерти. И после того приехал из Каракалпаков каракалпацкой Тобурчюк салтан, с ним человек со сто, и дошед до Хивы в близости, остановился, И Кабаклы хан выехал из Хивы, того Тобурчук салтана встретил, и, зазвав его в Хиву в город, говорил, чтоб ему, Тобурчюк салтану, быть владельцом близ Хивы в городе Ургенех. И жил в Хиве Тубурчюк салтан дня с два. И Кабаклы хан к Тобурчюк салтану пришел ночью на постоялый двор, и его и многих людей его убили до смерти.

 И после де того, в нынешнем в 204 году, в октябре месяце собрався в хивинский город лутчие люди аталыки, и Кабаклы хан в то время ехал из костелы, и аталыки де его остановя на улице, говорили с великим криком, что де он всеми ими смутил и салтанов перевел, и оттого де у них учинилась меж собою сеча и глад. И в том же месте его убили до смерти».[17]

Бұл материалды мына бір электронды ресурстен алынған ақпарат та растайды:

«Хиуа хандарының тізімі:

Ильбарс-хан I ( -1511-1525)
Султан Ходжа-хан I ( -1525-1527)
Хасан Кулы-хан I ( -1527-1530)
Суфьян-хан I ( -1530-1531)
Буджунга-хан I ( -1531-1533)
Аванак-хан I ( -1533-1534)
Кол-хан I ( -1534-1540)
Агатай-хан I ( -1540-1546)
Дост-хан I ( -1546-1558)
Ходжа Мухаммед-хан I ( -1558-1603)
Араб Мухаммед-хан I ( -1603-1622)
Ильбарс-хан II ( -1622-1623)
Исфандияр-хан I ибн Араб Мухаммед ( -1623-1642)
Саид Мухаммед-хан I ( -1642-1643)
Надир Мухаммед-хан I ( -1643-1645)
Абдул Гази-хан I ибн Араб Мухаммед (24.VIII.1603-1645-1663)
Ануша-хан I ( -1663-1686)
Худайда-хан I ( -1686-1689)
Эренг-хан I ( -1689-1694)
Джучи-хан I ( -1694-1695)
Кабаклы-хан I ( -1695-1695)
Кулы Мухаммед-хан I ( -1695-1697)
Шах Нияз-хан I ( -1697-1701)

Муса-хан I ( -1701-1703)
Араб Мухаммед-хан II ( -1703-1703)
Ходжа Мухаммед-хан II ( -1703-1714)
Эдигер-хан I ( -1714-1714)
Эренг-хан II ( -1714-1715)
Шир Гази-хан I ( -1715-1728)
Ильбарс-хан III ( -1728-1741)
Абу Мухаммед-хан I ( -1741-1742)
Абдул Гази-хан II ( -1742-1745)
Гарип-хан I ( -1745-1750) Бану Гарип
Абдалла Карабай-хан I ( -1750-1753)
Султан Тимур Гази-хан I ( -1753-1764)
Гарип-хан II ибн Гарип ( -1764-1791)
Абдул Гази-хан III ибн Гарип ( -1791-1804;1806-1806-?)
Ильтузар Инак-хан I ибн Иваз (-1804-1806) Кунграт
Мухаммед Рахим-хан I Бахадур (-1806-1825)
Аллакули-хан I Бахадур (-1825-1842)
Мухаммед Рахим Кули-хан I (-1842-30.I.1846)
Мухаммед Амин-хан I Бахадур (-1846-.III.1855)
Абдалла-хан I (-1855-1.IX.1855)
Кутлуг Мухаммед Мурад Бахадур-хан I (-1855-1856)
Махмуд-хан I (-1856-1856)
Мухаммед-хан I (-1856-.IX.1864)
Мухаммед Рахим-хан II Бахадур (1845-1864-1910)
Исфандияр-хан II Джурджи Бахадур (1871-1910-1.X.1918)
Сеид Абдалла-хан I (-1918-1920-1920)
Жунейт хан яумт (түркмен) (1920) »[18]

Қабақ – Қарақалпақ байланыстығының тағы бір көрінісі - екеуінің құрамында да Хангелді, Жангелді, Аралбай руларының болуы

(жалғасы бар)

Abai.kz


[1]М. Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент. 1925 ж.

20-б.

[2]Сонда, 24-б.

[3]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 31-32- бб.

[4]Сонда, 809-б.

[5] Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі. Қызылорда,Тұмар, 2003 ж. 96-б.

[6](Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия) http://kk.wikipedia.org/wiki/Бақан

[7]М.Тынышпаев.Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент.1925 ж.7-б

[8]В.В. Востров, М.С.Мұқанов.Родоплеменной состав и расселение казахов. Алма-Ата, Наука, 1968 ж.186-б.

[9] Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі.WikiBilim.Кітап http://kitap.kz/book/5338-turik_qyrhyz_qazaq_am_xandar_shezhres/ 

[10]Ж.Сабитов. Происхождение аргын и маджар. The Russian Journal of Genetic Genealogy (Орысша нұсқа)1-том , №1, 2009 жыл,41-бет

[11] Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі, Қызылорда,Тұмар,2003 ж.97-98 бб.

[12]Н.А. Аристов. Труды по истории и этническому составу тюркских племен. «Сорос-Қыргызстан» қоры, Бішкек, 2003 ж., 160-б

 

[13]Түрік бітікhttp://bitig.org/?lang=k&mod=2&bid=3&les=14&li=2

[14]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий. 1984 ж.505- б.

[15]Сонда, 51-бет

[16] Едіге би және Ноғай Ордасы. Алматы, Дәуір, 2013 ж. 298-299 бб.

 

[17]Посольские материалы Русского государства. История Казахстана в русских источниках. Алматы, Дайк-Пресс,2005 ж. 422-б.

 

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530