Сәрсенбі, 26 Шілде 2017
Жөн-ақ 625 0 пікір 12 Қаңтар, 2017 сағат 13:19

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ТИІМСІЗ ТҰСТАРЫ

Бізде мемлекеттік сатып алу тек жоғарғы жақтың, яғни ірі қалалар мен облыс орталықтарының пайдасы үшін жасалған. Төменгі аудан орталықтары мен оларға қарасты алшақ жатқан елді мекендердің қол жетімділігі мен оларға тиімді тұстары мүлде жоқ.

Мәселен, Қостанай, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, тағы да басқа облыстарға қарасты аудандармен елді мекендердегі бюджетке қарасты мемлекеттік сатып алуға, олардан тысқары жатқан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. тіпті кейде жоғарыда аталған облыстардағы мекемелер мен кәсіпкерлер қарама қарсы шығып, бағаны түсіріп, тендрді жеңіп алып жатады. Басқа облыстардан тендерді ұтып алған мемлекеттік тапсырысты орындаушылар, бала-бақшасы, мектеп, мәдениет салалары, ауылдық әкімдіктерге тасымалдау шығынына қомақы қаржы жұмсалатынын есептей келе, сапасыз, сақтау мерзімі өтуге жақын қалған арзан тауарды ұсынатындығы да сондықтан.  

Тіпті жергілікті БАҚ-қа жарияланатын аудандық бюджет, ақпараттар мен мақалалар бойынша тендерге басқа облыстармен Алматы қаласынан түсіп жатады. Ал басқа облыстар мен Алматы қаласының газетін бөгде облыстың, аудан және ауыл тұрғындары жаздырып алып оқымайтыны айдан анық. Ал тендерді жеңіп алған жеңімпаз, басқа ауданның жергілікті баспасын сол жергілікті жердің бюджеттік қаржысына жалдап, үстінен пайда көріп, жатып алып ақша табады. Бұндай қисынсыз жайлар өте көп.

Сондықтан жергілікті маңыздағы мемлекеттік сатып алуды айрықша белгілемесе, ешбір үйлесімі жоқ жайлардан арылу мүмкін емес.

Ауылдағы елдің түсінбейтін жанайқайына құлақ салар болса, айтары көп. Сырттан тендерді ұтып алғандармен телефон арқылы сөйлеспесең, өздерін көру қиын. Себебі олар тендрді ұтып алады да, жалдамалы бір диуананы ортаға қыстырады да жібереді.

Сабыртай Мұқанов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21903