Бейсенбі, 30 Наурыз 2017
11 Қаңтар, 2017 сағат 11:24 46 - сөз 462 0 пікір

ТІРКЕУ ПАРАҚОРЛЫҚҚА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ АШАДЫ

Кеше кеште мен тұратын жатақхананың коменданты осы жатақханадағы барлық тұрғындарды жинап алып:

- Тіркеуге тұрғызамыз, әр адамнан 3000 теңгеден жинаймыз, ақшаларың дайын болсын. Болмаса ұсталып қалсаңдар, бірнші ескерту үшін 16000 тг, екінші рет ұсталсаңдар 24000 тг штраф төлейтін боласыңдар, - деді. Бір тобымыз:

- Бізде Астана қаласында тіркеуіміз бар, - деп қалдық.

- Қай жерде тұрсаң сол жерде тіркелуге міндеттісің жаңа заң бойынша! Бұл уақытша тіркеу болады.

- Онысы қалай? Біз Астана қаласына тұрақты тіркелгенбіз ғой?

- Заң солай. Так что ақшаларың дайын болсын. Сосын естеріңде болсын, бізден қашан көшіп кетесіңдер сразу тіркеуден шығарып тастаймыз, қайда барып тұрсаңдар сонда қайта тіркеуге тұрасыңдар!

- Бізде 3 бала бар ғой, оларға да төлейміз бе? - деді біреуі.

- Төлейсіңдер. Бір семияда қанша адам барсыңдар, сонша адамға төлейсіңдер!

Әңгіме осымен бітті. Ал есептеңіз, 24 бөлме бар, әр бөлмеде орта есеппен, бала-шағасымен 4 адамнан тұрып жатыр. 300*24*4=288000 тг. Келесі айда бәлкім біраз отбасы көшіп кетер, одан басқасы келер, азды-көпті осындай пайда түсіп отырмақ! Ал пәтер жалдап тұрушылардың жағдайы одан да қиын, кейбірі 3-4 баласымен, жандарын әрең бағып, осындай арзан жатақханаға келіп тұрып жатыр. 5 адамға 15000, 6 адамға 18000 төлемекші. Бұл әрине әр адамға 16000 төлегеннен жеңіл.

Ендігі билігім үй иелеріне өтті дей беріңіз, сіздің тіркеулі, тіркеусіз болуыңызға дейін солар белгілейді. Енді оларға бөлменің жылуы, суы, т.б. шағымдар айта алмайсыз, тек тіркеуге тұрғызса болды. Оның өзінде 3000 тг ден кем емес!

Ал қала сыртында временка жалдап тұратындар қалаға көше бастайды, өйткені временкалардың құжаты жоқ, тіркеуге тұра алмайсыз. Енді пәтер ақысы да қымбаттауы мүмкін.

Олай болатын болса, бұл заң пәтер иелері мен жемқор полициялар үшін бизнестің ең даңғыл жолы болмақ. Ал пәтерден пәтерге көшушілер үшін кедейліктен кедейлікке қарай сүйрейтін даңғыл.

Есбол Нұрахмет

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір