Бейсенбі, 23 Қараша 2017
Маңызды 1905 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 13:38

ЗАҢНЫҢ ҚАШАН ҚАБЫЛДАНҒАНЫН ҚАСЫМОВТЫҢ ӨЗІ БІЛМЕЙДІ

Террористерді тіркеу арқылы іздестіріп жүрген Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовты Үкімет басшысы Сағынтаев сөгіп тастады.

Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жұмыстарының ел ішін дүрліктіріп тастағанын айтып, жауапты министрлік басшыларының бірсыпырасын «сілкілеп» алды.

Уақытша тіркеуге қатысты түсіндіру жұмыстарын дұрыс әм дер кезінде жүргізу керектігін жеткізген Бақытжан Әбдірұлы осы мәселеге тікелей жауапты ІІМ министрі Қалмұхамбет Қасымовтан Заңның қай уақытта қабылданғанын сұрады.

Сөйтсек, ел-жұртты әлекке салған Заңның қашан қабылданғанын Қасымов мырза білмейді екен. Бұл туралы «ult.kz» порталы хабралады.

«Бізде заңға қашан қол қойылды?», – деп сұрады Бақытжан Әбдірұлы.

«Желтоқсанның 28-і», - деді министр Қалмұxамбет Қасымов.

«Жоқ, желтоқсанның 22-сі күні біз тиісті заңға қол қойдық. Ал алғашқы түсіндіру материалдарын біз қай кезде бердік? ХҚКО бірінші дүрбелеңнен кейін бердік. Сіздер аталған норманың xалыққа тікелей қатысы бар екенін білдіңіздер ғой. Түсіндіру жұмыстарын желтоқсанның 22-сінде бастай алмадыңыздар ма? Ашығын айту керек, xалық не істерін білмеді. Содан қызмет көрсету орталықтарына лап берді», - деді Б.Сағынтаев.

Айтпақшы, Қазақстан Үкіметі электрондық жүйеде қызмет көрсетуге көшкелі біраз болғаны белгілі. Ал тіркеу мәселесінде онлайн режимде тіркеу қызметі іске қосылмаған екен. Бұған тоқталған Үкімет басшысы онлайн режимде уақытша тіркелу қызметін тездетіп іске қосуды тапсырды.

«Халықты ол қызметті кімнің әзірлейтіні қызықтырмайды. ҰТО ма, ІІМ ме, онда жұмысы жоқ. Халық былай дейді, сіздер заңды қабылдадыңыздар, біз сол заңға сәйкес тіркеуге тұруға келдік. Болды. Уақытша тіркеуді енгізген жөн. Дегенмен, осы жұмысты ұйымдастыру xалықтың көңілінен шықпады. Біз қайтадан шалыс бастық», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетелік, Қасымовтың БАҚ-тағы мәлімдемесі де екіұшты ойға жетелейді. «Егер полиция қызметкеріне есік ашпасаңыздар, тексерудің басқа амалын табамыз!» - деген Қасымов мырза халыққа түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбегені үшін Үкімет басшысы мен халықтан кешірім сұрамады. Мейлі.

Айта кетейік, аталған Заң қабылданған күннен бастап «Заңның не үшін қабылданғанын түсіндірген» Үкімет, Парламент, Президент әкімшілігі тарапынан ешбір адам әзірге табылмай тұр.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10411
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18633