Бейсенбі, 30 Наурыз 2017
9 Қаңтар, 2017 сағат 16:28 Жаңалықтар 475 0 пікір

Сағынтаев жаңа министрге азық-түлік бағасын өсірмеуді тапсырды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады, деп хабарлады pm.kz.

Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Abai.kz

 

0 пікір