Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3599 0 пікір 9 Қаңтар, 2017 сағат 16:22

Донбаста үш украиналық жауынгер жоғалып кетті

Донбаста жанжал ошағы шекарасында үш украиналық жауынгер жоғалып кетті. Бұл туралы Украинаның шығыстағы операция штабы хабарлады.

Украиналық әскери бөлімдердің бірінде үш жауынгер қайтып оралмаған. Олармен байланыс үзілді, жағдай тексеріліп жатыр, делінген хабарламада.

Украиналық әскерилер мәліметі бойынша, бір тәулікте ресейшіл жікшілдер 48 мәрте оқ атқан. Үш жауынгер жараланды.

Өткен аптада Украина қорғаныс министрі Степан Полторактың мәлімдеуінше, Донбастағы жікшілдер бақылауындағы аумақта 5 мың ресейлік жауынгер бар, ал ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасы Себастьян Курц жанжалды бейбіт жолмен шешу үшін Донбаста бақылау аумағын кеңейтетінін мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір